Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

Қазақстанда балалардың құқығын қорғау бойынша бірқатар заң жобалары қабылданды – ҚР ІІМ

Қазақстанда балалардың құқығын қорғау бойынша бірқатар заң жобалары қабылданды, деді ОКҚ брифингінде ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің бастығы Әсет Оспанов.
Нұр-Сұлтан30 Шілде , 16:38

«Ішкі істер министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасасу бағытында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтар профилактикасы және олардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілуде. Полиция қызметіндегі бұл бағыт – маңызды міндеттерді бірі.Соңғы жылдары жасөспірімдердің құқығын қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ІІМ-нің бірқатар заңнамалық бастамалары қабылданды.

Көңіл көтеру орындарының иелеріне қатысты осындай орындарда жасөспірімдердің түнгі уақытта болғаны үшін жауапкершілік көзделген. Сондай-ақ түнгі уақытта балалардың үйден тыс болуына қатысты ата-аналардың жауапкершілігі қарастырылған, балаларға қатысты жыныстық сипаттағы қылмыстарға қатысты жаза қатайтылды, жасөспірімдерге қатысты еңбек заңнамасын бұзу жағдайларына қылмыстық жауапкершілік міндеттелді», - деді Ә.Оспанов.

Қылмыстық саясатты ізгілендіру мақсатында ұрлық, тонау және бопсалау әрекетін жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік тарту жасы 14-тен 16 жасқа ауыстырылды.

«Мемлекет басшысының ана мен баланы қорғау туралы тапсырмасының шеңберінде а.ж. 1 қаңтардан бастап баланың қасақана қылмыс немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасауына әкеліп соқтырған жағдайда балаларды тәрбиелеу жауапкершілігін негізді себепсіз орындамағаны үшін ата-анаға қатысты қылмыстық жауапкершілік қарастырылған»,- деді ол.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде соңғы 10 жылда жасөспірімдер қылмысының деңгейі тұрақты түрде 6 %-ға айзайып келе жатқаны байқалады.

Осы жылдың  6 айы бойынша қылмыстың азаюы 27 %, салыстырмалы салмағы – 2,5 %.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика