Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Астанада жеңілдікпен жүретін азаматтар үшін арнайы төлем карталары жасалады

Астана қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен «Astana LRT» компаниясы бірігіп тамызда жеңілдікпен жүретін азаматтар үшін фототіркеу процедурасын бастайды. Фотоға түсіру тегін және қаланың қоғамдық көліктерінде электронды төлем жүйесінің енгізілуі аясында өткізіледі, деп хабарлады ведомство.
Нұр-Сұлтан30 Шілде , 18:21

Бүгінгі күні  «Сарыарқа», «Есіл» және «Алматы» аудандарында орналасқан жиырма бес фототіркеу пункті анықталған. Астанада жеңілдікпен жүретін азаматтар категориясына кіретін тоқсан мыңнан астам адам тіркелген.

Фотоға түсіру және жеке жолақысын төлеу карталарын дайындау ақысыз жүзеге асырылады. Аталмыш карталар иелеріне қоғамдық көлікте электронды төлем жүйесін енгізгеннен кейін беріледі. 

Атап өтейік, жолақысын төлеудің электронды жүйесін енгізу бір реттік жол билеттерінің есебінің болмауы, жолаушылар легі туралы нақты мәліметтің болмауы, қоғамдық көлік қызметкерлерінің табыс мөлшерін жасыруы және қазіргі жолақысын төлеу жүйесінің жалпы қолайсыздықтары сияқты мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. 

Бұдан бөлек, жолақысын төлеудің электронды  жүйесі халыққа қызмет көрсету сапасын жақсартып, қаржы легінің және салық жинаудың айқындығын арттырып, жолаушылардың көлікке мініп түсу уақытын қысқартып, «билетсіздерді» анықтауға көмектеседі.

 




Яндекс.Метрика