Білім беру

Ақмола облысында оқулықтарды жеткізу мен қаржыландыру мәселесі шешілген – ҚР БҒМ

Ақмола облысында Әлтаир Ахметов әкімдермен және экономика, қаржы және білім басқармаларының басшыларымен; оқулықтармен қамтамасыз ету мәселелеріне жетекшілік ететін білім бөлімдерінің басшыларымен; шарт жасалған көлік қызметінің жабдықтаушыларымен; ата-аналар жұртшылығымен кеңейтілген жиын өткізеді, деп хабарлады ҚР БҒМ.
Ақмола30 Шілде , 18:04

Жиын барысында қатысушылар өңірде оқулықтар мен ОӘК-ті жеткізу бойнша ағымдағы жағдайды талқылайды.

2015 жылғы 30 шілдедегі жағдай бойынша Ақмола облысында барлық білім бөлімдері, сонымен бірге Ақмола облысының Білім басқармасы оқулықтар мен ОӘК-ті сатып алуға оқу әдебиеттерін жеткізетін жабдықтаушылармен және баспалармен шарт жасады.

Жалпы облыс бойынша жеткізу пайызы 78%-ды құрайды.

Келесі аудандар мен қалада оқулықтар мен әдістемелік әдебиетті жеткізу бойынша барлық міндеттемелер 100 % орындалды: Қорғалжын ауданы, Целиноград ауданы, Астрахань ауданы, Шортанды ауданы, Егіндікөл ауданы, Жақсы ауданы, Степногорск қаласы.

Қалған аудандарда да оқулықтарды жеткізу бойынша жұмыс белсенді жүргізілуде. Бұланды ауданы аудан мектептеріне оқулықтар мен ОӘК-ті 97%, Есіл ауданы – 96,3%, Атбасар ауданы – 94%, Енбекшілдер ауданы – 88,4%, Аршалы ауданы – 87%,  Жарқайын ауданы – 51% және Бурабай ауданы – 50% жеткізді.

Бүгінде Ерейментау және Зеренді аудандарында оқулықтарды білім беру ұйымдарына жеткізу  басталған жоқ. Оқулықтарды жеткізу 10 тамызға дейін жоспарланды.

Оқулықтарды сатып алу мен жеткізуді қаржыландыру мәселесі Ақмола облысында толық көлемде шешілді.




Яндекс.Метрика