Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

ҚР-да республикалық маңыздағы 308 шақырым жол жөнделеді - ҚазАвтоЖол

2015 жылы республикалық маңызға ие автомобиль жолдарының күтіміне, сондай-ақ, күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстарына 37,5 млрд. теңге бөлінді, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Казахстан30 Шілде , 17:58

Қазіргі уақытта күрделі жөндеу жұмыстарымен 308 шақырым жол қамтылған, оның 83 шақырымы биылғы жылы пайдалануға беріледі. Орташа жөндеу жұмыстарымен 1 077 шақырым жол қамтылған.

Осы жолдардың 228 шақырымы ресайклинг технологиясын қолдану арқылы жөнделгенін айта кеткен жөн. Ол дегеніміз ескі асфальтты арнайы технологиямен екінші рет қолдану. Дәл осы технологияны пайдалану кезінде, ескі асфальт фрезерленіп, одан кейін оған тас материал және цемент қосылады.

Асфальтты ресайклингтеу көптеген басымдықтарға ие, қоршаған ортаға ұқыпты қарау, үнемшілдік, сонымен қатар жол төсемінің төзімділігін арттырады.

Тағы да 95 шақырым жол минералды-эмульсия қоспасынан құйылған қорғау құрылғысымен жөнделеді. Бұл қоспада минералды толтырғыштың белгілі бір үлесі мен эмульгирленген битум, су және қоспалар бар, бұл эмульсияның ыдырап кету уақытын реттеуге көмектеседі. Кейін оны алдын-ала әбден дайындалған жол төсемінің үстіне жаяды. Оларды қолдану жөндеу жұмыстарының мерзімін айтарлықтай ұзартып, автожолдардың күтіміне кететін шығын көлемін азайтады.

Республикалық маңызға ие автомобиль жолдарын күту аясында жол төсемінің кемшіліктерін жою және жолды орналастыру бойынша жұмыстар жүзеге асырылуда.

Кішкене шұңқырлар жөнделуде, жүретін жол бөлігіне анықтамалар түсіріліп, жол белгілерін алмастыру және орналастыру жүзеге асырылуда, қоршаулар, сонымен қатар, көпірлердегі таяныш қоршаулары, дабыл бағаналары және шақырым көрсеткіштері орналастырылуда.

Жалпы республика бойынша, 774 мың шақырым автожол техникалық жағдайға келтірілген, 13 мың шақырым жолға таңбалар салынып, 6 500 жол белгілері орнатылды. Сондай-ақ, 300 автопавильон мен демалыс алаңдары жөнделді.

 «Автомобиль жолдарының қысқы күтіміне арналған барлық жол-пайдалану техникалары уақытында жөнделуі қажет, техниканы сақтауға арналған өндірістік кешендердің жөнделу жұмыстары, көктайғаққа қарсы материалдарды дайындау және жанар-жағармай материалдарының қоры облыстық филиалдардың бірінші басшыларының жеке бақылауында болу керек»,- деп атап өтті «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ұлан Әліпов.

 




Яндекс.Метрика