Евразиялық одақ

Сарапшылар ЕАЭО-ға мүше елдер АӨК-сі бәсекеге қаншалықты қабілетті екенін тақылады

Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссия өкілдері Ресейдің ароөнеркәсіп кешені бойынша өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлерінің комиссиясымен бірге Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігіне қатысты мәселелер бойынша, «дөңгелек үстел» отырысын өткізді, деп хабарлайды комиссияның баспасөз қызметі.
Әлемде30 Шілде , 17:26

Шараға Армения, Беларусь, Қазақстан және Ресей мемлекеттерінің агробизнесінің және құзырлы органдары мен АӨК саласындағы ғылыми мекемелерінің 60-тан астам өкілдері қатысты. ЕЭК-ның Өнеркәсіп және агроөнеркәсіп кешені алқасының мүшесі Сергей Сидорскийдің айтуынша, ЕАЭО-ның қазіргі қолданыстағы келісімінде көрініс тапқан мүмкіндіктер еуразия кеңістігінде бәсекеге қабілетті өндірістерді дамыту мәселесін шешуге ықпал етеді.   

«АӨК-нін дамытудың оңды стратегияларының бірі өзіңнің жеке күшің мен ресурстарыңа сену, ғылымның үздік жетістіктерін пайдалану, ішкі өндірісті дамытуды ынталандыру, импорт ресурстарын орналастыруды есепке ала отырып, трансшекаралық нарықтарда кооперативті жалғастық қалыптастыру, дәнді терең өңдеу болып табылады. Соңғы уақытта бизнестің рөлі арта түсті. Қандай да болмасын мәселелерді бизнеспен келіспей жатып, комиссия бірде-бір шешім қабылдамайды»,-деді ЕЭК-ның министрі.

Бұл ретте бәсекеге қабілеттілік мәселесі мамандандыру мәселесінен ажырамайды. Сондықтан да, ЕАЭО елдерінің алдында бәсекелестік саласындағы дәстүрлі басымдықтар мен ішкі нарықтың көлемін және экспортты дамыту мүмкіндіктерін ескере отырып, негізгі ауыл шаруашылығы тауарларының өндірісін дамыту жоспарларын үйлестіру (ет, ет өнімдері, сүт пен сүт өнімдері, қант және өзгелер) міндеті тұр.

«Біз бірінші кезекте заманға сай, тиімді азықтар мен  азық қоспаларын, биологиялық және химиялық препараттар өндірісін, соның ішінде ветеринарлық препараттар мен өсімдіктерді қорғау құралдарын өндіру ісін жолға қоюымыз керек»,-деді Сергей Сидорский. 

Агробизнес өкілдері комиссияға ЕЭК-ның шешімдері имплементацияланғаннан кейінгі әкімшілендіру тәртіптері мен ұлттық құқықтың үйлесімділігі бойынша мәселелер дайындауды ұсынды. Сондай-ақ шараға қатысушылар ЕАЭО-ның ауыл шаруашылығы саласының тауарларын үшінші елдер мен сыртқы нарықтарда бірыңғай талаптармен бағалау керек деген ортақ келісімге келді.  

Мәжілістің қортындысы бойынша, тұрақты кездесулердің пайдасы зор екендігі, ЕЭК аясында одаққа мүше елдердің АӨК-нің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, ықпалдастықты одан әрі дамыту бағытында тиісті шешімдер қабылдау үшін агробизнестің бірлескен ұсыныстарын талқылау маңызды екендігі айтылды.   

 

  




Яндекс.Метрика