Ұлтаралық бірлік

ҚХА Ресей халқы Ассамблеясымен жүзеге асырылатын істер туралы Хаттамаға қол қойды

Оралда «Қазақстан мен Ресей арасындағы шекарамен шектес ынтымақтастықты кеңейту» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел отырысы өтті, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Батыс Қазақстан30 Шілде , 20:09

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен өткен жиынға Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов, Ресей халықтары Ассамблеясының төрағасы Светлана Смирнова, Орынбор облысы халықтары Ассамблеясының төрағасы Веналий Амелин, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Рашид Ахметов, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Елена Тарасенко, Орал қаласындағы РФ бас консулы Саид Забитов, «Жайық – достық  өзені» бірлескен  экспедициясының мүшелері, этномәдени бірлестіктер өкілдері, облыстық Ассамблея мүшелері қатысты.

 Дөңгелек үстелде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын  іске асыру, Қазақстан мен Ресей арасындағы гуманитарлық ынтымақтастық пен мәдени өзара әрекеттестікті нығайтудағы ҚХА және РХА рөлі талқыланды. Дөңгелек үстелде Қазақстан  халқы Ассамблеясы мен Ресей халықтары Ассамблеясы арасында тәжірибе алмасылды. Бұл жағынан Ресейдің бізден үйренері көп. Себебі Қазақстанның Ассамблеясы БҰҰ-да  таныстырылып, Еуропаның 56 елінде көтерілген тақырып. «Болашақта бірлік тақырыбы күн тәртібінен ешқашан түспейді. Барлық ел оған көз жеткізді.

Сондай-ақ 100 қадам бағдарламасы да тек бірліктің арқасында  жүзеге аспақ. Бес  реформаның барлығына  да бірліктің арқасында қол жеткізе аламыз» деді Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов. Жиын қорытындысында Қазақстан халқы Ассамблеясы және Ресей халықтары Ассамблеясы тарапынан өзара ынтымақтастық жөніндегі хаттамаға қол қойылды.

 

 

 




Яндекс.Метрика