Экономика

Қазақстанда жасалған: «Цесна-Астық» компаниясы «БЖК-2020» бағдарламасы аясында одан әрі дами түседі (ВИДЕО)

Бизнеске қолдау көрсету бойынша барлық мемлекеттік бағдарламалар халықаралық тәжірибеге қолдау көрсетуде, деп мәлімдеді «Цесна-Астық» Концерні» ЖШС директоры Владимир Лихтей «Strategy2050.kz» АА берген эксклюзивті сұхбатында.
Нұр-Сұлтан 30 Шілде, 15:53

«Біз нарықтың өзгеде ірі ойыншылары іспетті елімізде болып жатқан  оқиғалардың барлығын сараптамадан өткіземіз, кәсіпорындарға қолдау көрсетуді дамыту бағдарламасының қатысушысымыз. Себебі жүйені қалыптастыратын біздің кәсіпорындарымыз сияқтыларға қолдау көрсету  бизнесте үлкен тірек болады, мемлекеттік қолдаумен даму жеңілірек», - деді В.Лихтей.

Аталып өткендей, «Цесна-Астық» компаниясы «Бизнестің жол картасы - 2020», «Агробизнес-2020» мемлекеттік бағдарламаларына қатысқан.

«Бүгінде бар барлық мемлекеттік бағдарламалар өте тиімді. Олар дамуға, стандарттарға қолдау көрсетуге, әлемнің озық тәжірибесінен қалып қалмауға, басқаруда үлкен септігін тигізіп келеді»,- деп толықтырды директор.

Сонымен қатар В.Лихтей баса айтқандай, аталмыш бағдарламалар әлемдік нарықта бар бәсекелестікке дайын болу үшін қаржыны жұмыс істеді.

«Қазіргі таңда жабық өмір сүріп жатқан, өздерін өздері қамтамасыз етіп жүрген, импорттаушылардың қыспағында қалмаған мемлекеттер жоқ. Мемлекеттің көрсетіп отырған қолдауы орасан зор. Жүйені қалыптастыратын кәсіпорындар өнім өндіріп қана қоймай, халықты жұмыспен де қамтуда»,- деді  В.Лихтей.

Ботагөз Айтжанова





Яндекс.Метрика