Дамыған 30 елдің қатарына ену талаптар мен көрсеткіштер

«100 қадам» Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарынан көрінуіне мүмкіндік береді -депутат

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Рашид Ахметов Казталов ауданының активімен кездесіп, Мемлекет басшысының 5 институционалды реформасын жүзеге асыру барысын талқыға салды, деп хабарлайды БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.
Батыс Қазақстан30 Шілде , 15:19

«100 нақты қадам» Ұлт жоспары Қазақстанның бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіру бағытындағы стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыруға жақсы мүмкіндік береді. Ал, «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы біздің еліміздің тәуелсіз дамуының құндылықтарын біріктіретін және қазақстандықтардың жарқын болашаққа деген ұмтылыстарының іргетасы»,-деді сенатор.

Сапар барысында сенатор Р.Ахметов Мерей Ғабдулиннің шаруа қожалығында болды. Мемлекеттен 1 млн 800 мың теңге несие алған М.Ғабдулин 3 жылдан бері бақша өсірумен айналысып келеді. Мысалы 2 гектар жерге картоп отырғызған шаруа ол жерден 17 млн тонна өнім алған. Сенат депутаты ауылдық аймақтарда жер өңдеумен және бақшашылықпен айналысуға бет бұрған кәсіпкерлердің көбейгендігіне ризашылық танытты.        

 

 




Яндекс.Метрика