Адами капитал

ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің әскери қызметшілері 30 литрге жуық донорлық қан тапсырды

ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысы басқармасы, 657-қамтамасыз ету комендатурасы және 21140-Б әскери бөлімінің әскери қызметшілері донорлық қан тапсыру бойынша қайырымдылық акциясын өткізді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Казахстан30 Шілде , 16:23

Жалпы, шамамен 30 литрге жуық қан тапсырылды. Акцияны ұйымдастыру әскери қызметшілердің қан тапсыру ісіне өздерінің үлесін қосу және қазіргі уақытта донорлық қанға зәру адамдарға көмектесу ықыласын білдіру. Мұндай іс-шаралар қалыптасқан ахуалды өз

герту үшін Қазақстан Қарулы Күштерінде он жылдан астам уақыт бойы жарты жылда бір рет өткізіліп тұрады. Трансфузиология республикалық ғылыми-өндірістік орталығы дәрігерлерінің айтуынша қан тапсыру донор үшін ешқандай зиянды салдары жоқ.  

Керісінше, қанның белсенді жаңаруына, жүрек тамыр жүйесі мен ішкі мүше жұмысының жақсаруына ықпал етеді. Ғаламшардың әртүрлі бұрышында минут сайын жиі қан алмастыру қажеттілігімен байланысты ауру-сырқауға шалдыққан мыңдаған адам қанның жетіспеушілігінен қайтыс болып жатады. 

 




Яндекс.Метрика