Мәдениетті жаңғырту

Ақтауда жыл сайын ұйымдастырылатын Aktau Open Fest 2015 музыка мен спорт фестивалі өтеді

Ақтауда 27-29 тамыз аралығында жыл сайын ұйымдастырылатын Aktau Open Fest 2015 музыка және спорт фестивалі өтеді, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Маңғыстау30 Шілде , 20:43

Естеріңізге сала кетейік, Aktau Open Fest 2015 фестивалінің ұраны - «Өз қалаңның алдында ашыл» деп аталады. 

«Aktau Open Fest» фестивалінің басты ерекшелігі – биылғы жылы брейк-денстен әлем чемпионатының іріктеу кезеңі болады және оған Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің спортшылары қатысады. Спортшылардың өнерін халықаралық дәрежедегі төрешілер бағалайды. Іріктеу турының жеңімпаздары Оңтүстік Кореяда өтетін брейк-денстан өтетін «R-16» чемпионатына қатысады.

Aktau Open Fest фестивалінің екінші және үшінші күнінде баскетболдан ерлер арасында ашық чемпионат өтеді. Сонымен қаттар, воркаут, паркур, ВМХ, трикинг сияқты спорт түрлерінен өнер көрсетіледі. Шараға Қазақстан Ресей мен Орталық Азия елдерінен 200-ден астам спортшылар қатысады.  

«Aktau Open Fest» фестивалінің көлемі оған қатысушылар жағынан да онда көрсетілетін өнер түрлері жағынан да кеңейіп келеді. Өткен жылы екі күнде фестивальға 30 мыңға жуық адам қатысқан. Биыл 3 күн ішінде одан да көп жастар келеді деген ойдамыз. Оның үстіне фестиваль аясында біз қайрымдылық акциясын өткіземіз»,-деді фестивальдің ұйымдастырушыларының бірі Самсон Аракелян.

«Aktau Open Fest 2015» хедлайнерлері қазақстандық спорт жұлдыздары екі дүркін олимпиада чемпионы Илья Ильин мен олимпиада жеңімпазы Серік Сапиев болады.

Естеріңізге сала кетейік, Aktau Open Fest фестивалі 2013 жылдан бері жыл сайын ұйымдастырылып келеді. Оған Қазақстанның барлық аймақтары мен шет мемлекеттерденазаматттар келіп қатысады. Өздерінің өнерлерін ортаға сала отырып, олар Маңғыстау жастарына үлгі болады. Онда спортшылар тұрғындардың өтініштері бойынша шеберлік сыныптарын да өткізеді.    

   




Яндекс.Метрика