Инновациялық Қазақстан - 2020 мемлекеттік бағдарламасы

«Электрондық үкіметтің» жаңа қызметі мекенжай анықтамасын ұсынбауға мүмкіндік береді – ҚР ІІМ

Ішкі істер министрлігінің ақпараттандыру жүйесінің және Инвестициялар және даму министрлігінің egov.kz порталындағы «электрондық үкімет» шлюзының ақпараттық өзара іс-қимыл жасасуы шеңберінде Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс банкі клиенттерінің мекенжай мәліметтеріне олардың келісімін алғаннан кейін рұқсат беру бойынша жаңа сервис іске асырылды, деп хабарлады ведомство.
Казахстан30 Шілде , 16:08

Сонымен, порталдың жаңа сервисінің арқасында несиелеуге өтінім беру кезінде  Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің клиенттеріне тұрғылықты жері бойынша мекенжай анықтамасын (басқа да анықтамалар: жылжымайтын мүлікке ауырпалылыққа және тіркелген құқықтардың жоқтығы және бар болуы, некеге тұру және некені бұзу туралы куәлік) ұсынудың қажеттілігі жоқ.

Барлық осы мәліметтерді банк  клиенттің келісімімен SMS-растау арқылы бір реттік парольмен сұрау салу бойынша ала алады, егер Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс банкінің клиенті Азаматтардың мобильдік базасында тіркелген болса (банк деректерді ұсынуға сұрау салуды жібергеннен кейін  клиентке банк оған қатысты нақты мәліметтер алғысы келетіндігі туралы SMS-хабарлама келеді, клиент «ия» немесе «жоқ» деп жауап беруі тиіс).  Бір SMS-хабарламаның бағасы – 7 теңге.

  Екінші нұсқада – ескерту арқылы, клиенттің egov.kz порталындағы жеке кабинетіне келеді, клиент деректерді беруді растайды не бас тартады.

Осы ақпараттық жүйеледің өзара іс-қимыл жасасуы құжаттарды ұсыну уақытын үнемдейтінін, сондай-ақ банк қызметкерлері банк жүйесіне клиенттің дербес деректерін енгізу кезінде қате операциялар жасау қаупін азайтатынын атап өту қажет.   




Яндекс.Метрика