Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

2015 жылдың 1-ші жарты жылдығы бойынша ҚМГ БӨ 6 122 мың мұнай өндірді

ҚМГ БӨ 2015 жылдың алғашқы алты айында 6 122 мың тонна (тәулігіне 250 мың баррель) мұнай өндірді,деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Казахстан30 Шілде , 12:53

 «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («Компания», «ҚМГ БӨ») 2015 жылдың бірінші жарты жылдығындағы операциялық нәтижелерді жариялайды. «Қазгермұнай» БК» ЖШС (ҚГМ), «CCEL» («Қаражанбасмұнай» АҚ) және «ПетроҚазақстан Инк.» (ПҚИ) компанияларындағы үлестерді есепке алғанда, бұл 2014 жылдың осындай кезеңіндегіден 0,3%-ға артық.

«Өзенмұнайгаз» АҚ (ӨМГ) 2 722 мың тонна (тәулігіне 111 мың баррель) өндірді, бұл 2014 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 95 мың тоннаға (тәулігіне 4 мың баррель) немесе 4%-ға артық. «Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ) 1 385 мың тонна (тәулігіне 56 мың баррель) өндірді, бұл 2014 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда сәл кем. Нәтижесінде ӨМГ және ЕМГ жалпы өндіру көлемі 4 107 мың тоннаны құрады (тәулігіне 167 мың баррель), бұл 2014 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 2%-ға артық.

ҚМГ БӨ-нің CCEL, ҚГМ және ПҚИ компанияларындағы өндіру үлесі 2015 жылдың алғашқы алты айында 2 015 мың тоннаны (тәулігіне 83 мың баррель) құрады, бұл 2014 жылдың осындай кезеңіндегіден 3%-ға кем, және өндіру жоспарына сәйкес.

«2015 жылдың алғашқы алты айында ӨМГ мен ЕМГ 4 162 мың тонна (тәулігіне 166 мың баррель) мұнай сатты. Есеп беріліп отырған кезеңде ӨМГ мен ЕМГ экспортқа мұнай сату көлемі 2 365 мың тоннаны (тәулігіне 94 мың баррель) құрады. Ішкі нарыққа 1 231 мың тонна (тәулігіне 49 мың баррель) мұнай мен мұнай өнімдері сатылды. Оның 1 101 мың тоннасы (тәулігіне 44 мың баррель) Атырау мұнай өңдеу зауытына ӨМГ мен ЕМГ қорынан жөнелтілді, 96 мың тоннасы (тәулігіне 4 мың тонна) ЕМГ қорынан Павлодар мұнай-химия зауытына жөнелтіліп, 34 мың тонна мұнай өнімдері (тәулігіне 1,4 мың баррель) ішкі нарықта сатылды», - делінген хабарламада.

Бұған қоса, Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы үкіметаралық келісіміне сәйкес, өзара мұнай жеткізу шарттары бойынша Ресейге 566 мың тонна (тәулігіне 23 мың баррель) мұнай жөнелтілді. Ресей Федерациясына жіберілетін мұнай көлемін ҚР Энергетика министрлігі белгілейді. Компанияның пайымдауы бойынша, 2015 жылы ӨМГ мен ЕМГ ішкі нарыққа 2,3 млн. тонна ( тәулігіне 46 мың баррель) мұнай сатады.

ҚМГ БӨ-ге қарасты CCEL, ҚГМ және ПҚИ компанияларындағы сату үлесі компаниялардың жалпы сату көлемінің 45%-ын құрайтын, 889 мың тонна мұнайдың (тәулігіне 36 мың баррель) экспортқа жөнелтілгенін қоса алғанда, 1 977 мың тонна мұнайды (тәулігіне 81 мың баррель) құрады. Ішкі нарыққа 1 019 мың тонна (тәулігіне 43 мың баррель) мұнай жөнелтілді, оның 683 мың тоннасы ( тәулігіне 29 мың баррель) Павлодар мұнай-химия зауытына, 225 мың тоннасы ( тәулігіне 10 мың баррель) Шымкент мұнай өңдеу зауытына, 39 мың тоннасы ( тәулігіне 1 мың баррель) Атырау мұнай өңдеу зауытына және 72 мың тоннасы (тәулігіне 3 мың баррель) Ақтау битум зауытына жіберілді. Ресейге өзара мұнай жеткізу шарттары бойынша 70 мың тонна ( тәулігіне 3 мың баррель) жөнелтілді.

 




Яндекс.Метрика