Халықаралық интеграция

Қазақстандық теңіз жаяу әскерлері «Каспий теңізі-2015» байқауының шымылдығын ашады (Фото)

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының теңіз жаяу әскерлері бригадасы «Каспий теңізі-2015» байқауын бастайды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Әлемде 30 Шілде, 12:36

Біздің теңіз жаяу әскерлеріміз «Каспий құнан жарысы» атауымен бірінші кезеңде өнер көрсетеді, доданың шымылдығын ашып, байқаудың жалпы деңгейін береді. Қазір олар Каспийск қаласының «Скорпион» полигонында дайындалуда.

 Теңіз жаяу әскерлері бағдар сызбанұсқаларын егжей-тегжейлі зерделеп, БТР-80 бронетранспортерларында  қашықтықты еңсеруді байқап көрді. Байқау шеңберінде оларға берілген бағдарды барынша жылдам өтіп, сондай-ақ теңіз бен жағалауда нысаналарды жоюлары қажет.

 «Каспий теңізі-2015» бірінші халықаралық байқауының басталуына бір-ақ күн қалғанын айта кетейік. Теңіз биатлоны тамыздың 1-і мен 15-і аралығында өтеді. Сайыс үш кезеңнен тұрады. Біріншісі – теңіз жаяу әскерлері бөлімшелерінің жарысуы. Екіншісі - «Каспий кубогы». Оған каспий маңы елдері Әскери-теңіз күштері суүсті корабльдерінің экипаждары қатысады. Олар берілген бағдар бойынша шеңберді айналады, шағын көлемді теңіз және әуе нысаналарын, жүзбелі миналарды жою бойынша жауынгерлік жаттығуларды орындайды.

Содан кейін корабльді зәкір тұрағына көшіруді, зәкірге қоюды, безендіру жалауларын қолдана отырып, белгілерді қабылдау-тапсыруды жүзеге асырады. Кейіннен экипаждарға корабльдің  «төзу апаты» координаталары берілетін болады. Қатысушыларға оқиға орнына келу, құтқаруды жүргізу және бортқа жолаушыларды көтеру қажет етіледі.

Үшінші кезең - «Спорттық». Әскери қызметшілердің дене даярлығының деңгейін айқындауға бағытталған. Теңіз жаяу әскерлері бөлімшелері мен суүсті корабльдері экипаждарының жеке құрамына 100 метрге еркін стильде жүзу, гір спортында жарысу, бөлімше құрамында 5 шақырымға жүгіру, арқан тарту сияқты нормативтерді тапсыру қажет. Жарыста «Сарыарқа» және «Орал» екі зымыран-артиллериялық корабльдердің экипаждары, сондай-ақ «Батыс» ӨңҚ теңіз жаяу әскерлері бригадасының 20 әскери қызметшісі  еліміздің 





Яндекс.Метрика