Инфрақұрылымның дамуы

ШҚО-да жылумен қамтамасыз ету нысандарын жаңғырту бойынша 2 111,5 млн теңгенің 12 жобасы жүзеге асырылуда

Шығыс Қазақстанда ТКШ жаңғырту бағдарламасы бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде, деп хабарлады ШҚО-ның Ақпараттық орталығы.
Шығыс Қазақстан30 Шілде , 12:18

Тозығы жеткен су-жылуқұбырлары жүйелерін жаңарту, жөңдеу, электр энергияны тасымалдау шығындарын жабу  бұл Шығыс Қазақстанның ТКШ саласындағы жауыр болған мәселелер.

Облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариковтың айтуынша, үш ай бойы жұмыс тобы аймақтың коммуналды қызметті жеткізетін кәсіпорындарындағы экономикалық жағдайды сараптауда. 

 «Өскемен Водоканал» МКК, «Семей Водоканал»МКК, Шығысэнерготрейд», «Теплокоммунэнерго» ЖШС-тері кәсіпорындарында инженерлік жүйелер қалпына келтіріледі, ескілері жаңартылады, сонымен қатар тозығы жеткен құрал-жабдықтар ауыстырылады.

ШҚО-да 2015 жылы жылумен қамтамасыз ету нысандарын жаңғырту бойынша 2 111,5 млн теңгеге 12 жоба жүзеге асырылуда, оның ішінде 2 жоба Өскеменде 286,8 млн теңгеге, 10 жоба Семейде 1 824,7 млн теңгеге жүзеге асырылады.

Олардың ішінде жалпы сомасы 35,7 млрд теңгеге ЖЭС-1 мен АҚ-1 (аудандық қазандық) қайта құру жұмыстары соңына таяп қалды.




Яндекс.Метрика