Парламент

Мәжілісмендер Алматы ЖЭО-2 қызметкерлерін Ұлт жоспары – «100 қадаммен» таныстырды

Мәжіліс депутаттары, «Ақ жол» ҚДП фракциясының мүшесі Нұрлан Жазылбеков өңірлердегі жұмыс аясында Алматы ЖЭО-2-ге барды, деп хабарлады палатаның баспасөз қызметі.
Алматы қаласы 30 Шілде, 11:34

Айта кетейік, еңбек ұжымымен кездесу барысында әңгіменің басты тақырыбы Ұлт жоспары – «100 нақты қадамды» жүзеге асыру мәселесі болды. Сондай-ақ, өндірістің жаңғыртылуы, инвестициялық бағдарламалардың жүзеге асуы, тарифтік саясат,  зейнетақы заңнамасының өзгеруі, әлеуметтік қамту мен кадр дайындау да талқыланды.

«Ақ жол» ҚДП депутттатық фракциясының өкілдері  «Алматы электр станциясы» АҚ кәсіпорынының мәселесін шешуге  аса көңіл бөлді.

Н.Жазылбеков тұрбалық цехтер мен қазандық жұмысымен танысты. 





Яндекс.Метрика