Мәдениетті жаңғырту

Ақмола облысында «BalaTurkvizyon-Казахстан» байқауының жартылай мәресінің жеңімпазы жария етілді

Әлемнің 12 мемлекетінде өткен Халықаралық «BalaTurkvizyon-Казахстан» балалар ән байқауы Ақмола облысында жалғасты, деп хабарлайды облыстық ішкі саясат басқармасына қарасты «Ақмола Медиа Орталығы».
Ақмола 30 Шілде, 11:02

Айта кетейік, жоба вокалды сахна дарындарын анықтап, олардың шығармашылық тұрғыда дамуына қолдау көрсетіп, барлық кішкентай қазақстандықтар үшін қазақ тілінде 16 жаңа қазақ әнін шығаруды көздейді.  

Кезекті өңірлік кастинг немесе балаларды іріктеу шарасы Ақмола облысының Көкшетау филармониясында өтті.  Байқаудың дәстүрі бойынша, үміткерлер тіркелгеннен кейін олар бірден флэшмоб, ойындар мен билерге тартылып, балалар өңірдің ең басты әділқазылар алқасының мүшесі Кенталмен танысты. Өзінің командасына Кентал Ақмола облысы жартылай финалының қатысушысының ұстазы, демеушісі белгілі әнші, композитор Медеу Арынбаев пен әнші Кенжебек Жанәбіловты шақырды.  

Бұл жолы байқау музыкалық ұжымдардың еліміздің түрлі өңірлері мен қалаларынан ұйымдасқандығынмен ерекшеленді. Кішкентай вокалистердің арасынан әділқазылар Ақмола облысының Шортанды ауылынан келген 13 жасар Айман Аманды таңдады.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада 16-17 қыркүйек аралығында, кәсіби әділқазылар алқасының мүшелері мен телекөрермендер Стамбулда өтетін 1 Халықаралық «BalaTurkvizyon-Казахстан» балалардың ән байқауында біздің еліміздің атынан өнер көрсететін жасты таңдайды.    

 

 

 

 





Яндекс.Метрика