Өңірлер

СҚО-да жыл соңына дейін Кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік картасын дайындайды - ҰКП

Жыл соңына дейін Солтүстік Қазақстан облысында Кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік картасы дайындалады, деп хабарлайды «Атамекен» ҰКП-ның баспасөз қызметі.
Солтүстік Қазақстан30 Шілде , 10:31

Қазіргі таңда Қазақстанның «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы елдегі кәсіпкерлікті дамыту мәселесін зерттеумен айналысуда, оның нәтижесінде Кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік картасы дайындалмақ.  

«Аталған зерттеулерді жүргізудегі басты мақсат – экономиканың қандай бағыттарында және қай өңірде аймақтың ерекшелігін назарға ала отырып, кәсіпкерлікті дамытуға болатындығын және бүгінгі бизнеске қандай жағдайлар қажет деген мәселені анықтап алу болып табылады. Сонымен қатар, бүгінде шағын және орта бизнестен бастап, жүйеқұраушы кәсіпорындарға дейінгі аралықтағы кәсіпкерлердің қажеттіліктерін қамтамамсыз ету қажет. Осыған байланысты Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері кәсіпкерлік нысандарының өкілдерімен, іскерлікпен айналысатын азаматтармен, мемлекеттік органдармен,  қаржылық ұйымдармен, даму институттармен,  кәсіпкерлікті дамыту мәселесін тұтастай алғанда  жағдайды зерттеу үшін сауалнама жүргізуде»,-деді СҚО-ның Кәсіпкерлер палатасының директоры Тұрар Ысқақов. 

Субъектілерден алынған ақпараттар мен бизнес субъектілерімен жасалған кері байланыс қойылған саулдарға жауап береді, осылайша, еліміздің әрбір өңірінде бизнесті жүргізуге қолайлы жағдайлар жасалады. 7 мыңнан астам бизнес субъектілерімен сауалнама жүргізіледі. Олардың арасында ірі, шағын және орта бизнестің өкілдері бар. Сарапшылар мемлекеттік органдармен, қаржы ұйымдарымен және даму институттарымен сауалнаманы аяқтады. 

Айта кететін мәселе, Кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік картасы қарапайым, баршаға қолжетімді  болады. Онда өңірде жұмыс істеп жатқан өндірістердің қайда орналасқандығын біліп қана қоймай, облыста қандай жобалардың жүзеге асырылып жатқандығын да анықтауға болады.

 

 

 




Яндекс.Метрика