Өңірлер

ҚР-да 225,6 млрд теңгенің 31 796 нысаны жария етілді

Мүліктерді жария ету жөніндегі ҚР аумағында мүлікті жария ету бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы комиссияға жалпы сомасы 399,6 млрд тг құрайтын жылжымайтын мүлікті жария етуі ушін 42 266 өтініш түсті, деп хабарлады Қаржы министрлігі.
Казахстан30 Шілде , 10:14

Сомасы 288,1 млрд. теңгеге 35 076 тұрғын үй  нысаны, сомасы 106,7 млрд. теңгеге 18 148 тұрғын үй емес объекті, оның ішінде 73,9 млрд.теңгеге 4 511 коммерциялық  нысан, сомасы 0,8 млрд. теңгеге заңды тұлғалардың 15 қатысу үлесі, сомасы 4,0 млрд. теңгеге бағалы қағаздар келіп түсті.

Сомасы 225,6 млрд. теңгеге 31 796 объект жария етілді.

 Мүліктерді жария ету бойынша салық органдарына ҚР аумағынан тысқары, сомасы 636,5 млн тенге құрайтын 18 тұрғын үй объектісін жария ету бойынша  өтініш келіп түсті.

Сомасы 632,1 млн. тг құрайтын 14 тұрғын үй нысан, сомасы 1,5 млн. тг құрайтын  тұрғын үй емес объекті, оның ішінде 1,5 млн. тг құрайтын  коммерциялық  нысан.  Сомасы  3,0 млн. тг құрайтын, 2 заңды тұлғалардың  қатысу үлесі.

Сомасы 636,5 млн. теңгеге 17 объект  және бағалы қағаздар жария етілді.

ҚР ҰБ есеп деректері бойынша екінші деңгейлі банктердің 27.07.2015 жылғы жағдайы бойынша жалпы сомасы 73,6 млрд.теңге ақшаны жария етуге 149жинақ шот ашылды, оның ішінде ақшаны жария еткені үшін алымның бюджетке 2,9 млрд.теңгесін төлей отырып, жинақ шоттан алынғаны 28,9 млрд.теңге. ҚР экономикасына инвестицияланғаны 37,5 млрд. теңге.

2015 жылдың 27 шілдесіне сәйкес, 1-Н есебінің деректері бойынша «Мүлікті жария ету үшін алым» 206110  коды бойынша бюджетке іс жүзінде 2,9 млрд.теңге түсті.




Яндекс.Метрика