Өңірлер

Жезқазған мыс балқыту зауытында жыл басынан бері 54,9 мың тонна дайын өнім шығарылды

Қарағанды облысында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері жақсы деңгейде сақталып қалды, деп хабарлады Жезқазған қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қарағанды30 Шілде , 10:47

Облыстың экономика және қаржы басқармасының мәліметі бойынша, қайта өңдеу саласындағы өсім 14,6% құрады. Агроөндәірістік кешенде жалпы өнім көлемі – 44 млрд теңгені көрсетті. Жұмыс істеп жатқан шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 12,4%-ға көбейіп, 91,1 мың дана болды.

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасымен жалпы сомасы 2,5 млрд теңге болатын 107 жоба мақұлданса, 1 800 жұмыс орны сақталып, тағы 700-і ашылды. Сауда көлемі 268,3 млрд теңгені құрады. Ал, құрылыс жұмыстарының көлемі  – 78,1% көрсетті, бұл Жезқазған-Бейнеу, Арқалық-Шұбаркөл теміржол желілерінің құрылыс жұмыстарының аяқталуымен байланысты.

Бұдан басқа, кейбір азық-түлік түрлері бойынша баға орташа республикалық бағадан төмен болды. Әлеуметтік салада да оң өзгерістер баршылық, 4 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылды, жан басына шаққандағы орташа табыс көлемі 6,8%-ға, жалақы 9,2%-ға өсті. Бұдан баста, облыстың қалаларында, оның ішінде Жезқазғанда да жаңа балабақшалар салынып жатқаны аталып өтті.




Яндекс.Метрика