ХХІ ғасырдағы Қазақстандағы дін

Сенатта дін айналасындағы заңдарды жетілдіру туралы кеңес өтті

ҚР Парламенті Сенатында дін саласындағы мемлекеттік саясат құқын қамтамасыз етуді жетілдіру мәселесі төңірегінде дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды жоғарғы палатаның баспасөз қызметі.
Астана қаласы22 Қазан , 20:25

Шараға Парламент депутаттары, мемлекеттік орган өкілдері, діни, ғылыми және үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты.

«Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясында қоғамдық және діни мәселелерде тұрақтылыққа жеткізу бойынша бірқатар тапсырмалар қарастырылған. Солардың ішінде елде әлеуметтік, діни, этникалық шиеленістердің алдын алу сенімді механизмдерін құру бойынша Қазақстан заң шығаруын жетілдіру», - деді кездесуде Парламент Сенатының әлеуметтік-мәдени даму Комитеті Төрағасы Ақан Бижанов.

Хабарламада айтылғандай, кездесу барысында нақты тапсырмалар беріліп, дін саласындағы заң шығаруды жетілдіру бойынша ұсыныстар мен оның дұрыс пайдалну тәжірбиесі айтылды.

Өзінің баяндамасында Дін істер Агенттігінің Төраға орынбасары Марат Әзілханов діни қатынастарда нормативті-құқықтық негіздердің жетілуінің маңызын атады. Соның ішінде әдебиеттер мен сараптамалардың мәніне тоқталды.

 




Яндекс.Метрика