Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Ақтауда автокөлік жолдарын күтуге 313 миллионнан астам теңге бөлінді

Ақтауда автокөлік жолдарын күтуге 313 миллионнан астам теңге бөлінді, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Маңғыстау30 Шілде , 09:43

«Биылғы жылы жалпы ұзындығы 157,6 километр автокөлік жолдарын күтуге жергілікті бюджеттен 313,2 миллион теңге, соның ішінде 57 миллион теңге жолдарды таңбалауға, 42,4 миллион теңге суағар жүйесін күтуге, 74,9 миллион теңге қазіргі уақыттағы шұңқырларды жөндеуге бөлінді. Сонымен қатар 19,5 миллион теңге жол қозғалысын реттеуге арналған техникалық құралдарды үздіксіз пайдалануға бағытталды. 54 бағдаршам бағанасы ауыстырылатын болады», - деді Бексұлтан Шалабаев.

Оның айтуынша, Ақтау қаласының бюджетінде әлеуметтік маңызы бар білім беру, денсаулық сақтау нысандарының аумағындағы қолдан жасалған бұдырларды ауыстыру мен орнатуға қаражат қарастырылған. Сонымен қатар, жол құрылысы жұмыстарын жүргізу үшін арнайы техниканың бес бірлігі, жол белгілері сатып алынады. 




Яндекс.Метрика