Білім беру

ҚР БҒМ Қызылорда облысындағы оқулықтарды сатып алу жағдайын қатаң бақылауда

ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының орынбасары Ә. Ахметов 2015-2016 оқу жылына оқулықтарды сатып алу жөніндегі жағдайды талдау мақсатында Қызылорда облысына барды, деп хабарлады ҚР БҒМ баспасөз қызметі.
Қызылорда30 Шілде , 09:28

Қазіргі уақытта өңірлерде оқулықтар мен ОӘК-ті белгіленген мерзімде жеткізу бойынша тәуекел бар. Қызылорда облысында күрделі жағдаят орын алды. Қызылорда Әлтаир Ахметов Қызылорда облысының әкімдерімен және экономика, қаржы және білім басқармаларының басшыларымен; оқулықтармен қамтамасыз ету мәселелеріне жетекшілік ететін білім бөлімдерінің басшыларымен; шарт жасалған көлік қызметінің жабдықтаушыларымен; ата-аналар жұртшылығымен кеңейтілген жиын өткізеді. Жиын барысында қатысушылар өңірде оқулықтар мен ОӘК-ті жеткізу бойнша ағымдағы жағдайды талқылайды.

2015 жылғы 29 шілдедегі жағдай бойынша Қызылорда облысында барлық білім бөлімдері, сонымен бірге Қызылорда облысының Білім басқармасы оқулықтар мен ОӘК-ті сатып алуға оқу әдебиеттерін жеткізетін жабдықтаушылармен және баспалармен шарт жасады.Жалпы облыс бойынша жеткізу 48 %-ды құрайды.  Жалағаш ауданында – 83,7 %, Сырдария ауданыда – 88,5%, Шиелі – 56,1%, Жаңакорған – 46,9%, Қызылорда қаласында – 65,7%.

Алайда бүгінде Қызылорда облысының Арал, Қазалы және Қармақшы аудандары, Байқоңыр қаласы, сонымен қатар облыстық білім басқармасы білім беру ұйымдарына оқулықтарды жеткізуді бастаған жоқ.

Осы өңірлерде шарт бойынша жеткізу мерзімі ағымдағы жылғы 10 тамызға дейін белгіленді.




Яндекс.Метрика