Ұлттың денсаулығы

Тараздық спортшы Рио-Де-Жанейрода өтетін ойынға жолдама жеңіп алды

Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев 2016 жылы Рио-де-Жанейро қаласында өтетін Паралимпиадаға Қазақстанның атынан қатысатын Зүлфия Габидуллинаны қабылдады, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жамбыл30 Шілде , 08:54

Жамбылдық спортшы Шотландиядағы Глазго қаласында паралимпиалық жүзуден әлемдік чемпионатта қола медальды жеңіп алғаны жұртқа мәлім. Өңір басшысы спортшыны жеңісімен құттықтап, арнайы алғыс хат пен сыйлық табыс етті.

«Мен сізді жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймын. Өмірде кездесетін қиындықтарға мойымай, жігерлілік танытуыңызды батырлық деп санаймын. Болашақта да үлкен жеңістерге қол жеткізуіңізге тілектеспін»,-деді облыс әкімі.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылы Шотландияда өткен  жүзуден өткен  Әлем чемпионатына 70 мемлекеттен тірек - қимыл аппараты зақымданған және көру қабілеті төмен 600-ге жуық спортшы қатысқан болатын.

Онда  Қазақстан Республикасының намысын 7 жүзуші қорғады: Мансурбек Ибрашев, Андрей Афанасьев, Зульфия Габидуллина, Сиязбек Далиев, Ануар Ахметов, Наталья Звягинцева и Михаил Еременко. Жамбылдық спортшы Зульфия Габидуллина әлемдік рейтингтегі  ең мықты жүзушілердің сегіздігіне кіреді және 50 м қашықтыққа  еркін жүзуде  төртінші орынға,  150 м комплекстен - 5 орын,  100 м еркін жүзуден – 5 орын, 50 м арқамен жүзуден – 7 орынға ие болғанын атап өткен жөн.




Яндекс.Метрика