EXPO-2017

ЭКСПО-2017 көрмесінің орталық нысаны «Қазақстан павильонының» әлемде баламасы жоқ – сарапшы (ФОТОРЕПОРТАЖ)

ЭКСПО-2017 орталық нысаны «Қазақстан павильоны» болып есептеледі, оның әлемде еш баламасы жоқ, деп мәлімдеді «Сембол Иншаат» АҚ ХИЛЛ-ЭКСПО жобасының жетекшісі Григорий Рабицкий ЭКСПО-2017 көрме кешенінің құрылыс алаңындағы баспасөз-туры барысында.
Нұр-Сұлтан30 Шілде , 09:11

««Сембол Иншаат» компаниясы  - бұл құрылыс алаңындағы бас мердігерлердің ішіндегі ең ірісі. Құрылыс алаңының 60%-да құрылыс жұмыстарын жүргізудеміз. Біз 10 нысанды саламыз, олардың ішіндегі ең бастысы «Қазақстан павильоны».  Ғимарат өзінің құрылымымен ерекшеленеді. Ол шар тәрізді және оның әлемде еш баламасы жоқ»,  - деді  Г.Рабицкий.

Оның айтуынша, сфераның диаметрі – 80 метр жерасты бөлігі бар 8 қабатты ғимараттың жалпы ауданы – шамамен 26 мың шаршы метр.

«Қазіргі күні ғимараттың іргетасын көтеру бойынша жұмыстар аяқталып, салмақ түсетін металл құрылымдарды монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қажетті 12 мың тонна құрылманың 1636-сы монтаждалып қойылған», - деді Г.Рабицкий.

Ол, атап өткендей, шардың ішінде 9 деңгей болады деп жоспарланған, бүгінде оның екеуі аяқталған. Стилобаттық бөлігінде шамамен 5 мың шаршы метр ауданда «Қазақстан-Астана» павильоны орналасады.

«Бүгінде құрылыс жұмыстарының 30%-ға жуығы аяқталған. Нысан толығымен 2016 жылдың соңына қарай дайын болады», - деп атап өтті Г.Рабицкий.

Сонымен, бүгінде іргетасты қалау жұмыстары аяқталып, металл құрылымдарын монтаждау жүргізілуде.

Г.Рабицкий баса айтқандай, әр бөлігін жасау үшін жіті есептеулер жүргізілмегенше техникалық қиындықтар өте көп болған.

 

Сонымен қатар, ЭКСПО-2017 көрмесінің орталық нысаны «Қазақстан павильоны» алаңында 1000 жұмысшы еңбек етуде, олардың басым бөлігі қазақстандықтар.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика