Адами капитал

«Болашақ» стипендиаттары Ұлыбританиядағы қазақ диаспорасының өкілдерімен кездесті

Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Бірлескен корольдігіндегі «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ өкілдігі мен Қазақстан Республикасы елшілігінің қолдауымен қазақстандық студенттердің Ұлыбританияда тұратын қазақ диаспорасы өкілдерімен кездесуі ұйымдастырылды, деп хабарлады «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ баспасөз қызметі.
Әлемде29 Шілде , 20:24

Кездесу барысында тараптар қазақ диаспорасы өкілдерінің Ұлыбританиядағы ҚазАльянс және ҚР Елшілігінің бастауымен өткізілетін мәдени және спорттық іс-шараларға қатысу маңыздылығын талқылады. «ҚазАльянс» негізгі белсенділері болып табылатын «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары 2015 жылдың екінші жартысына жоспарланған іс-шаралар туралы айтты.

Кездесу соңында тараптар азаматтығына қарамай, тарихи Отан дәстүрлерін ұстанатын, өз ата-бабалары мен туған тілін ұмытпаған қазақ диаспорасымен қазақстандық студенттермен осындай кездесу өткізу туралы келісті.

Естеріңізге сала кетейік, «ҚазАльянс» қоғамдық ұйымы Ұлыбританиядағы қазақ диаспорасымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған. Қазіргі уақытта Ұлыбританияның 10 қаласында қазақ диаспорасының 40-қа жуық  отбасы тұрады.




Яндекс.Метрика