EXPO-2017

Б.Әшімов: ЭКСПО-2017 көрмесінің құрылысы кесте бойынша жүруде (ФОТО)

«Астана ЭКСПО-2017» халыаралық мамандандырылған көрмесінің құрылысы кесте бойынша жүзеге асуда, деп хабарлады «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ атқарушы директоры Болат Әшімов баспасөз туры барысында.
Астана қаласы 29 Шілде, 18:13

«ЭКСПО-2017 көрмесінің құрылысы кесте бойынша жүзеге асуда, белгілі себептер бойынша кейбір орындарда құрылыс уақытша тоқтатылды. Жаңа басшылықтың келуімен аса өзгертулер енгізілмеді, құрылыстың сметалық құжаттары кейбір өзгертулерге ұшырады. Көрменің тақырыбы болашақтың энергеиясы,  жаңа қондырғылар мен безендірулер пайда болуда», - деді Б.Әшімов.

Ол атап өткендей, қаржыландырумен ешқандай мәселе туындап отырған жоқ, келісілген келісімдердің құны да өзгерген емес.

«Бүгінгі таңда 100 млрд теңге игерілді, мердігерлермен келісілген сома 500 млрд теңгені құрайды», - деді ол.

Оның айтуынша, ЭКСПО-2017 көрмесіне 100 ел қатысады деп күтілуде.

Сондай-ақ, атқарушы директор атап өткендей, құрылыстың аяқталуы 2016 жылдың желтоқсан айының соңына жоспарланып отыр.

«2016 жылдың қаңтарынан бастап көрмеге қатысуға қатысушыларды шығаруды жоспарладық, олар Миланда өткен көрмеден тәжірибе жинақтады. Басшылық павильонға қатысушылардың ерте баруына жағдай жасады», - деді ол.

« «Болашақтың энергиясы» тақырыбы елдер павильондарында ашылады. Тақырыптық павильондарда энергия көздері көрсетіледі. Нысанның құрылысында энергияның бірнеше көзі қолданылатын болады. Көрме әр түрлі икемге келетиін болғандықтан тиімді жолдарды қолдана алмаймыз, ЖЭО қолданылуы мүмкін», - деді ол.

Ботагөз Айтжанова

 

 





Яндекс.Метрика