Адами капитал

ҚР ҚК 1 100 астам әскери қызметшісін тегін санаторлық-шипажайлық ем-доммен қамтамасыз етеді

Осы жазда 1 125 әскери қызметші және ҚР ҚК қолданыстағы зейнеткерлері отандық шипажайларда денсаулықтарын қалпына келтіре алады. Маусым-шілде айларында олардың 385-і сауықтыру курсынан өтті, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Казахстан29 Шілде , 19:34

«Қалғандары тамыз және қыркүйекте ем қабылдау демалысына баруды жоспарлап отыр. Тегін санаторлық-шипажайлық емдеу Қазақстандағы әскери қызметшілер үшін қарастырылған кепілді медициналық қызметтер пакетіне кіреді. Оны медициналық көрсетілімі бар  әскери қызметшілер, әскери оқу орындарының курсанттары, мерзімді қызметтегі сарбаздар ала алады», - делінген хабарламада.

«Көбінесе ауру-сырқау, жарақат немесе хирургиялық операциядан кейін ем қабылдайды. Денсаулықтарын тегін қалпына келтіруге Қазақстан Қарулы Күштерінің қолданыстағы зейнеткерлері де құқылы. Біз сауықтыру-оңалту, посттравматикалық немесе постоперациялық қалпына келтіруге мұқтаж әскери қызметшілердің есебін ұдайы жүргізіп отырамыз. Осы есептен санаторийге жолданатындардың тізімін құраймыз, ал жазғы кезең басталысымен адамдар ем-дом қабылдауға жолданады»,  - деп түсіндірді ҚР ҚК Бас әскери-медициналық басқармасында.

Бүгінгі таңда әскери қызметшілерімізді үш қазақстандық шипажай қабылдайды. Ол Қостанайдағы «Сосновый бор», Щучьедегі «Зеленый бор» және Қапшағай су қоймасының солтүстік жағалауындағы «Алтынемел». Барлық үш шипажай табиғаты көркем жерлерде орналасқан және сауықтыру ем-шараларының жақсы жиынтығының арқасында сұранысқа ие. Панталық, теңіз және қылқан жапырақ бұлаулары, лазер терапиясы, балшықпен емдеу, ингаляция, емдік уқалау, балауызбен емдеу және тағы басқа ем-шаралар.   Өткен үш жыл ішінде мұнда 2 000-нан астам әскери қызметші санаторлық-шипажайлық ем алғанын атап өткен жөн.

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика