Инфрақұрылымды дамыту

2014 жылдың ақпан айында Шетпе-Ақтау жолының құрылысы басталады – Көлік және коммуникация министрлігі

Шетпе және Ақтау қаласы аралығындағы ұзындығы 170 км учаскені жаңғырту жұмыстары Орталық-Батыс бағытындағы жобаны дамыту аясында жүргізіледі, деп Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Батыс Қазақстан22 Қазан , 20:00

«Бұл учаске қазақстанның орталығын батыспен қосып, жалпы ұзындығы 1 820 км Астана-Арқалық-Торғай-Ырғыз-Шалқар-Бейнеу-Ақтау дәлізі аясында Ақтау теңіз портына шығады. Учаскені жаңғырту туралы тендерлік ұсыныстарды беру 2013 жылғы 19 қарашада аяқталады.  Құрылыс жұмыстарын 2014 жылғы ақпан айында бастау жоспарлануда», - деп хабарламада нақтыланған.

Аталған жобаны іске асыру республикамыз және Маңғыстау облысы арқылы өтетін халықаралық көлік ағыныны дамытады деп күтілуде.  Бұл өз алдына келешекте өңірдің  сауда, қызмет көрсету саласын дамытып, тұрғындардың жұмыспен қамтылуын арттырады, және өңірдің, сонымен қоса тұтастай алғанда республика экономикасына оң ықпал ететін болады деп күтілуде.

Қазіргі уақытта Маңғыстау облысында Бейнеу-Шетпе автожолының 298 км жаңғырту жұмыстары жүргізілуде, оның 240 км 2014 жылы, ал 58 км – 2015 жылы аяқтау жоспарлануда екендігін еске саламыз.

Сонымен бірге 2014 жылы Жаңаөзеннен Жетібай кентіне дейінгі автожол учаскесін жаңғырту жұмыстарын бастау жоспарлануда.




Яндекс.Метрика