Инфрақұрылымның дамуы

Алматы облысында 238 млн теңгенің спорт кешені салынуда

Панфилов ауданының Жаркент қаласында 320 орындық дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылысы жүруде. Нысан құрылысына бюджеттен 238 млн теңге бөлінді, деп хабарлады Алматы облысының әкімдігі.
Алматы 29 Шілде, 19:18

«Жаңа  көпфунцияоналды кешен 4 блоктан тұрады, 3 гектар жерді алып жатыр. Онда футбол, баскетбол, волейбол, жеңіл атлетика, күрес, бокс және шейпингпен айналысуға болады. Мекеме аясында 240 орындық футбол стадионы қарастырылған», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, жоба бойынша заманауи қондырғымен жабдықталған жаттығу залы бар. Сондай-ақ, футбол, теннис және өзге спорт түрлері бойынша аз қамтылған отбасылар мен көпбалалары үйдің балалары үшін жеңілдіктер қарастырылған.





Яндекс.Метрика