Өңірлер

ҚР АШМ латвиялық және эстониялық балық өнімін әкелуге уақытша шектеу қойды

ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетімен Латвиялық және Эстониялық балық өңдеуші кәсіпорындарында өндірілген балық өнімдерінің құрамында бензапиреннің рұқсат етілген деңгейден артық болуына байланысты дайын және консервіленген балық өнімдерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлады ҚР АШМ.
Астана қаласы29 Шілде , 19:02

«Аталмыш шара Россельхознадзор тарапынан өткізілген Латвиялық  және Эстониялық балық өңдеуші кәсіпорындарын инспекциялау нәтижелері бойынша жасалған алдын ала есебінің негізінде қабылданды», - делінген хабарламада.

Анықталған фактілер Еуразиялық экономикалық одағының ветеринарлық-санитарлық талаптарына сай келмейтінін атап өткен жөн.

 

 

 




Яндекс.Метрика