«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

«KTZE-Khorgos Gateway» құрғақ порты Қытайдан алғашқы контейнерлер пойызын қабылдады (ФОТО)

«KTZE-Khorgos Gateway» құрғақ портының бірінші кезегі Панфилов ауданында өндірістік коммерциялық операциялар үшін ашылды: 2015 жылдың 29 шілдесінде Қытайда ДМД елдері бағытындағы алғашқы жүк құрамы келді, деп хабарлады баспасөз қызметінен.
Алматы 29 Шілде, 17:11

«Құрғақ порттың» құрылысы өткен  жылдың маусым айында басталған, бүгінде оның оператор «KTZE-Khorgos Gateway» алғашқы 30 контейнерді өңдеді, яғни қайта тиеді және кедіндік рәсімдеуден өткізді. Барлық жүк құрамын өңдеу уақыты 1 сағат 11 минутты құрады. Сонымен, теңіз порты жұмысының басты сипаты  жеделділік.

«Бүгінде Құрғақ портта 83 адам жұмыс істейді. Оған 12,5 млрд теңге құйылды. Жалпы, жоба 24,4 млрд теңгеден астам қаржыға бағаланып отыр және мұнда 365 адам жұмыс істейтін болады. Жасыратыны жоқ, бұл бүкіл панфилов ауданының дамуына үлкен септігін тигізеді және Қазақстанға Орталық Азиядағы көліктік-логистикалық ірі хабқа айналуға мүмкіндік береді», - деді «KTZE-Khorgos Gateway» ЖШС бас директоры Карл Гейсен бірінші кезектің ашылу барысында.

Қазіргі таңда жоба аясында теміржол желілері, контейнерлік алаңдар жұмыс істеуде және қайта тиеу техникасыда сатып алынған. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында тағы екі уақытша сақтау қоймасы пайдаланылуға беріледі деп күтілуде.  2015 жылдың соңына дейін жоспарланып отырған жүк айналымы  38 760 ЖФЭ (жиырма футты эквивалент).

Аталмыш жоба «Қазақстан  жаңа жібек жолы» мемлекеттік бағдарламасының және «Нұрлы жол  Болашаққа бастар жол» жаңа экономикалық саясатының шешуші бөлімі болып табылады.

Естеріңізге сала кетейік, «Құрғақ порт» Қазақстанды Қытаймен байланыстырып, Еуропаға шығатын жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Өңірдегі ірі көліктік-логистикалық және дистрибуциялық орталыққа айналады.





Яндекс.Метрика