«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

Маңғыстау облысында «Нұрлы жол» аясында 14 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асуда

Маңғыстау облысында «Нұрлы жол» аясында 14 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асуда, деді Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев мәслихат депутаттарының кездесуінде.
Маңғыстау29 Шілде , 18:31

« «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында ұлттық компаниаларды қаржыландыру, даму институттарын бюджеттік қаржыландыру арқылы 14 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылуда. Инвестицияның жалпы көлемі барлық жоба бойынша 156,5 млрд теңгені құрады. 2015 жылға Ұлттық қордан 28 млрд теңге бөлінді. Құрылыс кезінде 2344 жұмыс орны ашылады, қолданысқа берілген соң 426 орын ұсыналады», - деді аймақ басшысы.

Ол атап өткендей, көліктік инфрақұрылымды дамыту барысында «Боржақты-Ерсай» темір жол бағытының құрылысы аяқталды. Елбасының қатысуымен өткен жалпыұлттық телекөпір барысында аталмыш нысан бойынша пойыздардың жұмыс режимі іске қосылды.

«Қолданысқа берілу кезінде 60 тұрақты жұмыс беріледі. Соңғы жылдары аталмыш бағыт бойынша жылына 8 млн тонна тасымалданады. Республикалық бюджет есебінен Азия банкінен қарыз алу арқылы  «Ақтау-Бейнеу-Атырау» жолдары жөнделеді», - деді әкім.

.




Яндекс.Метрика