Өңірлер

ШҚО-ның Жарма ауданында шаруа қожалығы есебінен балалардың демалысы ұйымдастырылды

ШҚО-ның Жарма ауданында «Шалабай» ЖШС шаруа қожалығы есебінен 4,5 млн теңгеге балалардың демалысы ұйымдастырылды. «Ақжелкен» лагерінде төменгі сыныптағы шамамен 60 бала денсаулықтарын жақсартып, тынығатын болады, деп хабарлады ШҚО-ның Ақпараттық орталығы.
Шығыс Қазақстан29 Шілде , 17:43

Шалабай ауылдық округ әкімдігі мен шаруа қожалығы арасындағы меморандумға сәйкес қожалық балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға және денсаулықтарын жақсартуға 4,5 млн теңге бөлді. Қостөбе ауылы орналасқан табиғаты әсем шатқалда тұрғын үй кешені, асхана мен ойын бөлмелері жайластырылған. Екі маусым барысында төменгі сыныптағы шамамен 60 бала денсаулықтарын жақсартып, тынығатын болады. «Ақжелкен» лагерінде 5 реттік тамақтану, таза ауада түрлі ойындар мен туған өлке бойынша экскурсиялар өткізу қарастырылған.

 «Шалабай» ЖШС директоры Қуаныш Сүлейменовтың айтуынша, лагерь келер жылы өз жұмысын ертерек бастап, онда бұданда көп бала демалатын болады.




Яндекс.Метрика