Өңірлер

«Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында ОҚО кәсіпкері жылыжайын кеңейту үшін 10 млн теңге алды

«Агробизнес-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында ОҚО-ның Сарыағаш қаласының кәсіпкері жылыжайын кеңейту үшін 10 млн теңгені несиеге алды, деп хабарлады «Атамекен» ҚР ҰКП баспасөз қызметі.
Оңтүстік Қазақстан29 Шілде , 16:54

Жылыжай қожайыны Қажымұқан Тұяқов ағымдағы жылдың сәуір айында Сарыағаш қаласының Кәсіпкерлер палатасынан өз бизнесін кеңейту бойынша кеңес алады. Сала мамандары жан-жақты кеңес бере отырып, кәсіпкердің жобасына қолдау көрсеткен. Осылайша, ол мамыр айында «Сарығаш несие» несие серіктестігінен  10 млн теңгені несиеге алып, өзінің бизнесін кеңейтті.

Жалпы, кәсіпкер өз жылыжайын 2010 жылы ашқан, ол 50 сотық жерді алып жатыр. Ал, қуаттылығы жылына 1 тонна көкеніс өнімін беруге жетеді. Мұнда 8 адам еңбек етуде.

««Агробизнес-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында несие алып жылыжай кеңейтілді және тағы үш адам жұмыспен қамтылды»,  деді кәсіпкер.

Айта кетерлік жайт, кәсіпкер «Іскерлік байланыстар» жобасы аясында өз білімін жетілдірді. Мұнда шетелдік әріптестермен байланыс орнату үшін Германияда тақырыптық бизнес-тәжірибеден өту қарастырылған.

 

 




Яндекс.Метрика