Өңірлер

ҚазАвтоЖол Ақтөбеде жол қозғалысының қауіпсіздігі жөнінде акция өткізді

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Ақтөбе облыстық филиалы және «Қазақавтодор» РМК АҚ, Ақтөбе облысы ІІД Әкімшілік полиция басқармасымен бірлесе отырып, жол қозғалысының қауіпсіздігін насихаттайтын «Жүргізуші, сен өзіңнің және жолаушының өмірі үшін жауаптысың» акциясын ұйымдастырды, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Ақтөбе29 Шілде , 16:38

Акция қозғалысы ең көп республикалық маңызға ие «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің Самара-Шымкент бөлігінде өтті. «Мас күйіндегі жүргізуші – қауіпті қылмыскер», «Жылдамдықты азайт», «Жетпей қалғаннан, кешігіп жеткен жақсы», «Жүргізуші, біліп жүр» сияқты үнпарақтармен жол қозғалысының қатысушыларын тоқтатып, 100-ден аса жүргізушімен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Жол қозғалысының қатысушыларына Ақтөбе облысы автожолдарында 2014 жылы және 2015 жылдың бірінші жартыжылдығында орын алған қайғылы оқиғалардың салдары мен саны айтылып, жол көлік оқиғалары туралы ақпарат берілді.

Сонымен қатар, жол қызметкерлері жүргізушілерге «ҚазАвтоЖол» деген жазуы бар қойын дәптер және сергектік үшін лимон сыйлады.

2014 жылы Ақтөбе облысының республикалық маңызға ие жолдарында 148 жол көлік оқиғасы орын алса, оның 57-сі ажал құштырған. 264 адам жарақат алған. 2015 жылдың 6 айында 60 жол көлік оқиғасы тіркелген, 16 адам қаза тауып, 129 адам әр түрлі дәрежеде жарақат алған.

Акция өткізу орны кездейсоқ таңдалған жоқ, өйткені 2014 жылдың және 2015 жылдың І-жартыжылдығының қорытындысына сәйкес, дәл осы тас жолдың бойында жол көлік оқиғасының басым көпшілігі орын алған.

 




Яндекс.Метрика