Жаңа бағыттың экономикалық саясаты

«Стратегия – 2050» – бұл Қазақстанның 10 жаһандық сын-қатерге берген жауабы – украиндар қоғамының төрағасы

Стратегия – 2050» – бұл Қазақстанның 10 жаһандық сын-қатерге берген жауабы. Бұл жөнінде «Оберег» украиндар қоғамының төрайымы Тамара Ширмер мәлімдеді.
Астана қаласы15 Желтоксан , 00:00

«Президент «Қазақстан – 2030» Стратегиясының іске асуын қорытындылады және Қазақстан халқына 2050 жылға дейінгі Қазақстан Стратегиясы Жолдауын арнады. Бұл мемлекеттің жаңа саяси бағыты. Бұл бір есептен, бизнес-жоспар. Онда мұнай бағасы құлдыраған шақта, жаһандық өзгерістер кезінде ел қалай өмір сүруі керек екені сатылай жазылған. Мұны стратегиялық бағдарламалық құжат деп айтқым келеді. Ол басты мақсат – күшті мемлекет және дамыған экономика негізінде қоғам құру екенін атап өтті және халық алдына әлемнің ең дамыған 50 елінің қатарында болу міндетін қойды. Бізде барлық мүмкіндіктер, қаражат, білімді адамдар, және 2050 жылға дейін есептелген жаңа бағдарлама да бар», – деді Т.Ширмер. 
Оның айтуынша, қазақстандықтар елдің алдағы он жылдағы өмірін біле алады. Тәуелсіздік жылдарында біз өзімізді әлемдік қауымдастыққа мойындаттық, әлеуемітіз бен дамуымыз жоғары. 
«Біздің Президентіміз халыққа үлкен, ауқымды, нақты жоспар ұсынып отыр. Онда алдағы он жылдағы ел дамуының стратегиялық бағыттары айқындалған. Бұл іс-әрекеттердің жаңа бағдарламасы. Ол қазірдің өзінде-ақ бізге, барлық қазақстандықтарға болашаққа, сондай-ақ балаларымыздың болашағына сеніммен қарауға мүмкіндік береді. Міне, тәуелсіздік қарсаңында Президент ел мен халықты нақты нәтижелердің жетістігіне, әл-ауқатымыздың жақсаруына жетелеуде», – деді ол. 
Төрайым қазақстандықтар экономикалы, мәдени даму, сондай-ақ өзге де салаларда үлкен нәтижелерге қол жеткізгенін және бұл стратегия Қазақстанның 10 жаһандық сын-қатерге берген жауабы екенін айтты. 
«Президен өз Жолдауы арқылы нақты жолдарды айқындады. Сондықтан бағдарлама толық жүзеге асуы тиіс деп санаймын. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Әбішұлы діні мен ұлтының өзгешелігіне қарамастан, әрбір қазақстандық біздің еліміздің тең құқылы азаматы екенін айтты. Ол біздің әрбріміз «мен – қазақстандықпын!» деп айта алатынымызды атап өтті. Барлығы үшін қызметтің кез-келген саласында дамудың тең мүмкіндіктері мен жағдайлары жасалған», – деп қорытты ол.




Дерекнама

Яндекс.Метрика