Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

Орал трансформатор зауыты 3 мың тонна өнім шығаруға мүдделі

Орал трансформатор зауыты 3 мың тонна өнім шығаруға мүдделі, деп хабарлады «Даму» АҚ.
Батыс Қазақстан29 Шілде , 16:21

Өткен жылдың өзінде Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың қатысуымен өткен Жалпыұлттық телекөпір аясында Орал трансформатор зауытының бірінші кезегі іске қосылған. Ал бүгінде онда үш жүзден аса өнім түрлері өндіріледі. Заманауи жоғарыдәлдікті станоктармен және өндірістік желілермен жабдықталған жеті цех жұмыс істейді. Оларда 150 адам тұрақты жұмыс жасаса, соның 100-і – оралдықтар.

Және ағымдағы жылдың соңына дейін Орал трансформатор зауыты Ресейге жөнелтілетін үш мың трансформаторды шығаруды көздеп отыр.

«Орал трансформатор зауыты» ЖШС Қазақстандағы «Alageum Electric» ірі электротехникалық холдингтік компанияларының құрамына кіретін, «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасымен 2,6 млрд.теңге несие сомасын сыйақының пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау бойынша қолдау алған аймақтағы кәсіпорындардың бірі.

Зауыт кернеу сыныбы - 6-10 кВ , қуаттылығы ТМГ (ТМ) 25- 2500 кВА құрайтын, үш фазалы күш беретін маймен жүретін трансформаторларды шығарады.

Зауыттың жобалық қуаттылығы – жылына күш беертін трансформаторлардың әр түрінен 12 мыңға дейін шығару. Зауыт бұл көрсеткіштерге 2016-2017 жылдары жетуді жоспарлап отыр. Өнімдердің әлеуетті тұтынушылары мұнайгаз, энергетикалық, темір жол салаларының кәсіпорындары.

Таяуда «Alageum Electric» холдингтік компаниясының басшысы ресейлік серіктестерге Орал трансформатор зауытын таныстырды. Әлеуетті дилерлер өндірістің барлық техникалық тізбесін бақылап, жаңа зауыттың мүмкіндігін бағалады. Әрі ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Тек өткен жылы холдинг Ресейге 5 мың трансформатор экспорттаған.

«Даму» кәсіпкерлідкті дамыту қоры» АҚ басқармасының төрайымы Ләззат Ибрагимоыа осы жылдың маусым айының басында жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан аймағын абарып, Орал трансформатор зауытында болды. Өндірістің жоғары деңгейдегі жабдықталғанын, еңбекті ұйымдастырудағы инновациялық қадамға оң баға берді.

Қазіргі сәтте кәсіпорын басшылығы тікелей өнім шығарғаннан басқа кадрлар дайындауға баса мән беріп отыр. Мамандарды Кентау трансформатор зауытына қарасты колледжде оқытады. Олар онан соң аталған кәсіпорында тағылымдамадан өтеді.




Яндекс.Метрика