Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

Маңғыстау облысында жыл басынан бері екі индустриялды жоба жүзеге асырылды

Маңғыстау облысында осы жылдың бірінші жартысында 274 жұмыс орнының ашылуымен 5,4 млрд теңгені құрайтын 2 индустриялдық жоба аяқталды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Маңғыстау29 Шілде , 16:07

«Екінші бесжылдық аясында  6,2 мың жұмыс орнының ашылуымен 163 млрд теңгенің 21 инвестициялық жобасын жүзеге асыру жоспарланған. Бүгінгі таңда 850 жұмыс орнын ұсынатын 101 млрд теңгенің 16 жобасын жүзеге асыру жоспарланған. Бірінші жарты жылдық бойынша 274 жаңа жұмыс орнының ашылуымен 5,4 млрд теңгенің екі жобасы аяқталады. «КУДУ Индастриз Казахстан» ЖШС мен «Қарақұдықмұнайгаз» ЖШС зауыты іске қосылды», - деді облыс әкімі Алик Айдарбаев.

Жыл соңына дейін 14 жобаны жүзеге асыру жоспарланған, оның ішінде Ақтау халықаралық тауар портын кеңейту жоспарланған, үй құрылысы комбинатын ашу, наубайхана ашу жобалары бар.

«Ақтау теңіз порты» ЕЭА аймағын жоғарғы технологиялы экспортқа бейімделген өндірістермен толтыру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде ЕАЭ аясында 9 кәсіпорын жұмыс істейді. 2015 жылы тағы 5 жобаны жүзеге асыру жоспарланған», - деді Маңғыстау облысының әкімі.

 

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика