EXPO-2017

«Жасыл экономика үшін» коалициясы бүкіл әлемнен ЭКСПО-2017 арнап үздік туындыларды жинастырады

«G-Global «жасыл» экономика және даму» коалициясы «ҚазАльянс» бірлестігімен бірлесіп «Green Bridge» халықаралық ұйымын құрмақшы, оның міндетіне ЭКСПО-2017 үшін күллі әлемнен үздік идеялар мен технологияларды, өнертабыстарын жинастыру кіреді, деп хабарлады «G-Global «жасыл» экономика және даму» коалициясының төрағасы Салтанат Рахымбекова Астанадағы баспасөз конференциясында.
Казахстан29 Шілде , 13:37

«Коалиция мен «ҚазАльянс» серіктестігі аясында «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасын жүзеге асыру бойынша бірлескен Жол картасын және «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасын (ЖКСБ) жасақтамақшы. Сонымен қатар, ЭКСПО-2017 көрмесін насихаттауды және «Green Bridge» халықаралық ұйымын құруды көздеп отыр»,  деді С. Рахымбекова.

Оның айтуынша, ЖКСБ әлем бойынша жалғыз заңды экологиялық бастама болып табылады, ол барлық мемлекеттермен мақұлданған және ЭКСПО-2017 көрмесін насихаттау алаңы болып табылады.

Осы ретте, «G-Global «жасыл» экономика және даму» коалициясы «ҚазАльянс» бірлестігімен бірлесіп «Green Bridge» халықаралық ұйымын құрмақшы, оның міндетіне ЭКСПО-2017  үшін күллі әлемнен үздік идеялар мен технологияларды, өнертабыстарын жинастыру кіреді.

«2015 жылдың соңына дейін Green Bridge әлеуетті серіктестерімен бірлесіп халықаралық инновациялар, жобалар мен алдыңғы қатарлы тәжірибелер байқауы  «Тұрақты планета үшін болашақ энергиясы» сайысын өткізуді жоспарап отыр»,  деді С. Рахымбекова.

Сонымен, байқау нәтижелерін 2017 жылы ЭКСПО көрмесінде жариялау жоспарланған. 

С. Рахымбекова атап өткендей, Green Bridge-де  әлеуметтік келісімдерді жасау үшін  G-Global-да келіссөз өткізу алаңы жасақталады.

«Бұл келісімдер нормативті-құқықтық, білім мен ақпараттық қолдау негізінде инновацияны таратуды жылдамдатуға бағытталады»,   деп түйді ол.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика