Қазақ хандығына 550 жыл

Мәдениеттердің өзара байланысы жалпыадамзаттық өркениеттің дамуы болып табылады – тарихшы

Мәдениеттердің өзара байланысы жалпыадамзаттық өркениеттің дамуы болып табылады.Археологиялық жаңашылдықтиар мен қазба ескерткіштері еуразиялық кеңістіктегі халықтардың ерекшелігін білдіреді.
Казахстан29 Шілде , 13:29

«Қарағанды облысы жеріндегі археологиялық қазбалардан табылған заттар, жазба деректегі мәліметтер, Орта Азия, Шығыс және Орталық Еуропа, Алтай, Орал өңірі, Еділ бойы, Орта және Таяу Шығыс халықтырының тарихи тамырластығын, Еуропа мен Азияның көшпелі және байланысын сенімді көрсетеді», - деп хабарлады «Ұлытау» қорық-мұражайының директоры.

Оның айтуынша,  көне көшпенді және отырықшы халықтардың тығыз және жемісті байланыстарының жаршысы Ұлытау мекені болып табылады. Дәл осы Ұлытау Алтын Орданың алғашқы орталығы болып, дәл осы жерде  қазақ, ноғай, қырым, қазан, өзбек  хандықтарының шығуына негіз жасалды. Мәдениеттің  өзара әсері жалпы адамзат өркениетіндегі  заңды құбылыс екендігіне осы жердің археологиялық дәлектері де айғақ.

Қазақ халқының бай және көпқырлы тарихының өзге куәгері Жамбыл облысы болып табылады. Бұл жердегі Шу және Талас өзендерінің аралығында Жәнібек және Керей хандар Қазақ хандығының негізін қалады. Қазақ хандығының 550-жылдық мерейтойына арналған негізгі шараларда аталмыш аймақта орын алады.

«Осы жылға белгіленген Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орайластыра қолға алынып  жатқан ауқымды іс – шаралар – «Ежелгі Тараз» музей – кешенін салу, ұлттық – мәдени орталықтың ғимаратын тұрғызу, қала және ежелгі қаланың ортасынан орын тепкен тарихи жәдігерлеріміздің инфақұрылымын жетілдіру қызу қолға алынуда», - деді Тәкен Молдақынов.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика