Қазақ хандығына 550 жыл

Қыркүйек айында «Алтын тұлпар» аламан бәйгесi өтеді

Қазақстанда Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Алтын тұлпар» республикалық турнирі өтеді.
Астана қаласы29 Шілде , 12:57

«Алтын тұлпар» аламан бәйгесiнiң жүлде қоры 23 млн теңгенi құрайды. Соның iшiнде, бас жүлдеге 10 000 000 теңге берілсе, мәреге алғаш жеткен 9 тұлпарға жартылай жүлде берiледi. Сонымен қатар, осы шара аясында «ат сыншысы» байқауы ұйымдастырылып, жүйрiктi жазбай таныған сыншыға «Толыбай сыншы», «Күреңбай сыншы» және «Кейхауыс сыншы» атындағы арнайы жүлделер тағайындалып отыр. 

Турнирге республикамыздың 14 облысы мен Астана және Алматы қалаларының әрқайсысынан 10 сәйгүлiктен бәйгеге түседi деп жоспарлануда. Яғни, бәйгеге кемiнде 160 ат қатысады деп күтiледi. Жалпы, топ бәйге, тай бәйгеге емес, осы аламан бәйгеге қатысатын 1000-ға жуық сәйгүлiк бар.

Алдағы 30 тамызда мерекеленетiн Конституция күнiне орай теңге iлуден Азия чемпионатын өткізу жоспарлануда.

«Қазiр Алаш баласы, Қазақстан болып ерекше тойлап жатқан мерекелердiң бiрi – Қазақ хандығының 550 жылдығы. Осы айтулы мерекеге орай «Нұр Отан» партиясы, Ұлттық спорт түрлерi қауымдастығы, Мәдениет және спорт министрлiгi «Алтын тұлпар» республикалық турнирiн өткiзiп, өз үлесiн қоспақшы. Бұл айрықша бәйге. Жасыратыны жоқ, бүгiнде болып жатқан бәйгелерге Еуропадағы атқораларда тұрған, қысқа қашықтыққа шабатын ағылшынның тазақанды аттары қатысады. Сонымен, шын мәнiндегi қазақы аттың бапкерлiгi, аттың ұзақ шақырымға төзiмдiлiгiн дайындау өнерi ағылшын аттарының заманауи ат шабыстарының көлеңкесінде қалып қоятыны өкiнiштi болып тұр», - деді Б.Тілеухан.

Оның айтуынша,  қазақтың дәстүрлi атбегiлiк өнерiн қалпына келтiру мақсатында былтыр алғаш рет аталған турнир өткiзiлген болатын. Сонымен қатар, былтырғы бәйге жолы 43 шақырымнан 51 шақырымға ұзартылды. Жалпы,бұл даулы мәселе. Сағынайдың асында Құлагер 43 шақырымға шапты деп айтылады. Ал бiреулер мұны 69-70 шақырым деп айтады. Сонымен, бұл мәселе бойынша атбегiлер арасында үлкен кеңес өттi. Былтырғы 43 шақырымда жылқының тынысы дұрыс ашылмай қалды, басқа да мәселелерді ескере келе, 51 шақырымға тоқтады.

Сондай-ақ, турнирдің қонақтары ұлттық қолөнер бұйымдарын тамашалап, жамбы атуды көре алады.

Шараға қатысуға өтініш қабылдау 2015 жылдың 1 тамызынан 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика