Өңірлер

2015 жылдың 2 тоқсанында бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 124 227 теңгені құрады – ҚР ҰЭМ

2015 жылғы 2 тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 124 227 теңгені құрады. Атаулы жалақы индексі 2014 жылғы 2 тоқсанға 102,9%, ал нақты жалақы индексі 98,6% құрады, деп хабарлады ҰЭМ Статистика агенттігі.
Казахстан29 Шілде , 15:36

«Салалық құрылымда ең үлкен атаулы жалақы кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді қазуда – 250,7 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,0 есеге асты), кәсіби, ғылыми және техникалыққызметте– 229,9 мың теңге (1,9 есеге асты), қаржы және сақтандыру қызметінде – 229,6 мың теңге (1,8 есеге асты)», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ,  ақпарат және байланыс саласында – 193,1 мың теңге (1,6 есеге асты), көлік және қоймалау саласында – 157,3 мың теңге (1,3 есеге асты) белгіленді. Ең төменгі атаулы жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығы қызметкерлерінде белгіленді – 69,6 мың теңге, бұл ел бойынша орта көрсеткіштен 44,0%-ға төмен және білім беру саласында - 84,4 мың теңге, бұл республика бойынша орта көрсеткіштен 32,0%-ға төмен.

Өңірлік бөліністе ең жоғарғы жалақы Манғыстау облысында белгіленді – 217,3 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,7 есеге асады. Жамбыл облысында мұның шамасы 85,2 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 31,4%-ға төмен.

 




Яндекс.Метрика