Адами капитал

Десанттық-шабуылдау батальонының әскери қызметшілері 290 шақырымды жүгіріп өтті (Фото)

18404 әскери бөлімі екінші десанттық-шабуылдау батальонының жеке құрамы ірі роталық-тактикалық оқу-жаттығуларға тартылды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Казахстан 29 Шілде, 20:43

«Таңның атысымен 200-ден астам әскери қызметші дабыл бойынша көтерілді. Одан кейін жауынгерлер батальон командирімен бірге шартты жауынгерлік іс-қимылдар ауданына, яғни, 74261 әскери бөлімінің «Көктал» оқу-жаттығу орталығына жол тартты», - делінген хабарламада.

Штаттық қару-жарақ, БТР-80А типіндегі он бірлік бронетранспортерларды тарта отырып, толық жауынгерлік жарақтандыруда әскери қызметшілер ара қашықтығы 290 шақырымды жүгіріп өтті. Қазір роталық-тактикалық оқу-жаттығулар шеңберінде жауынгерлер полигонда бөлімшелерді, взводтарды, роталар мен барлық батальонды біртіндеп үйлестіре отырып, жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу алгоритмін пысықтауда. Батальон командирі майор Қаһарман Ушамовтың айтуынша, әскери қызметшілер жақсы даярлық деңгейін көрсетуде.

Оның ішінде 18404 ә/б екінші десанттық-шабуылдау батальонының жеке құрамы арасында бронетранспортерды көздеушілерді атап өткен жөн. «Осы жыл ішінде олар өздерінің басқару дағдысын жақсартты, оқ атуда дәлдікке қол жеткізді. Оқу-жаттығуларда олардың біршамасы берілген нысаналарды бірінші оқ атудан жойды», - дейді батальон командирі. Роталық-тактикалық оқу-жаттығулар аяқталысымен батальон жаяу жүріс тәртібінде бөлімге оралады.

 





Яндекс.Метрика