Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесі

Шығыс Қазақстанда егін және тұқым өсіруді дамыту мәселелері талқыланды

Аймақтың агроөнеркәсіп кешенінің өкілдері, қала және аудан әкімдерінің ауылшаруашылығын қадағалайтын орынбасарлары мен ауылшаруашылығы бөлімдерінің басшылары «Опытное хозяйство масличных культур» ЖШС негізінде жаздық дән мен күнбағысты күтіп-баптау технологияларымен танысып қайтты, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Шығыс Қазақстан29 Шілде , 15:04

Сондай-ақ, тәжірибе алмасу мақсатында семинарға көршілес Ресей, Украина және Беларусия елінің мамандары да келді.

Аталған кәсіпорынның мамандары семинарға қатысушыларға селекция жасаудағы жеткен жетістектерін айтып, техникаларымен таныстырып, минералды тыңайтқыштар мен сүт фермасы мәселелері бойынша кеңестер берді.

«Жақсы өнім алу үшін, біз заманауи технологияларды қолданып қана қоймай, жұмыстың жүйелі түрде жүргізілуін қатаң сақтаймыз», - деді Ришат Ахмадиев. «Сондай-ақ, минералды тыңайтқыштарды уақытында және жеткілікті мөлшерде пайдалану да маңызды роль атқаратынын естен шығармаған абзал. Ол үшін біз көктем айында бір де бір көлік алқабтан жүріп өте алмағанда, егістерді тыңайтатын жаңа техника алдық. Бір ауысымда сол техниканың көмегімен 250-300 гектарға дейін тыңайтуға болады. Айта кетейік, биыл біз екі жарым мың тонна минералды және химиялық тыңайтқыштарды қолдандық».

Облыс әкімі Даниал Ахметов, көшпелі семинарға қатысып, еңбек өндірісін жоғарылату керек екендігін басып айтты. Ал, ол мақсатқа жету үшін екі бағытта жұмыс істеу қажет.

«Жаңа технологияларды қолдану, замануи техника сатып алу әрине маңызды», - деді облыс әкімі. –Дегенмен, бүгінгі таңда елімізде ауылшаруашылығы өндірушілеріне қатысты салық саясаты өте жұмсақ. Бұл кері әсер беруде. Егер де мемлекет пайдасына төленетін аударымдардың пайызын өсірсе, әрбір шаруа қалай бәсекелес болу керектігін, қалай үнемдеу керектігін ойлайтын болады. Ауыл шаруашылықтары уақытында алқабтарын тыңайтып, арамшөптерден тазартып, элиталы тұқымды дәндер алып, асыл тұқымды мал санын өсіретін болады. Әр егін егу науқаны сайын аграрийлер келіп мемлекеттен көмек сұрайтын заман келмеске кеткен. Оған дәлел, «ОХМК» ЖШС атқарып отырған жұмыс.

Сонымен қатар, аймақ басшысы Қазақстанның кедендік одаққа мүше болып енгеннен бастап, сауда кеңістігіне бәсекелес бола алатын өнімдерді шығару туралы ойлануымыз қажет екендігін айтты. Тек осы жылдың өзінде облысымызда 37 сүт-тауар фермасы салынды, алдағы уақытта олардың саны артпақ. Осылайша біз өзіміздің нарығымыздан дат, бельгия және т.б. шетел өнімдерін шығара аламыз.

Айта кету керек, түсім қалыптастырудағы тұқымның маңызын ескерсек, облыста соңғы жылдары тұқым өсіруді дамыту бойынша жүйелі жұмыс атқарылуда. Қазіргі таңда Шығыс Қазақстанда 41 тұқым өсіру шаруашылығы жұмыс атқаруда, оның ішінде 2 шаруашылық түпнұсқалық тұқым өндіруші лауазымына ие болса, 7 шаруашылық – элиталы тұқым өндіреді.

Сонымен қатар, жыл сайын тұқым өсіруді қолдау мақсатында, субсидия түрінде мемлекеттік қолдау көрсетіледі. 

 




Яндекс.Метрика