Инновациялық Қазақстан - 2020 мемлекеттік бағдарламасы

Бірлесіп ақша аударымдар қызметін «Қазпочта» АҚ және ЮНИСТРИМ жүйесі іске қосты

ЮНИСТРИМ жүйесінің жедел ақша аударымдары «Қазпочта» АҚ-ның Қазақстан бойынша 2000-нан астам бөлімшелерінде қолжетімді. Жаңа қызметтің іске қосылуы клиенттерге өнім желісін кеңейтіп, шот ашпай-ақ сапалы жедел ақша аударымдары қызметін ұсынады, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Казахстан29 Шілде , 14:48

Адрессіз ақша аударымдары қызметі жіберушіге ақшаны аудару кезінде мемлекетті ғана көрсетіп, алушыға сол мемлекеттің кез-келген Юнистрим қызмет көрсету пунктінде ақшаны қабылдауға мүмкіндік береді.

«Біз өзара ынтымақтастыққа ашықпыз. Қызметтеріміздің тізімін жаңартып және толықтыра отырып ауыл тұрғындарын да керекті қызметтермен қамтуға ниеттіміз.  Юнистриммен бірге ынтымақтастығымыздың арқасында, жедел ақша аударымдары қызметі ауылдар мен аудан орталықтары тұрғындарына да одан әрі қолайлы болады» - деп «Қазпочта» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Азат Машабаев бөлісті.

«Біз үшін «Қазпочта» АҚ ұлттық пошта операторымен ынтымақтастық - стратегиялық маңызы бар жоба. ЮНИСТРИМ өнімдер тізімі бүгін тек ақша аударымдарынан әлдеқайда кеңірек, сондықтан, келешекте «Қазпочта» АҚ желісі бойынша біздің басқа да қызметтерімізді іске асыруды жоспарлаймыз» - деп «ЮНИСТРИМ» ААҚ КБ Басқарма Төрағасы Кирилл Пальчун мәлімдеді.

Ақша аударымдары үшін комиссия 2%. Бұл қызмет клиенттерге ыңғайлы сервис ұсынады – шетелдік валютамен аударылған ақшаны теңгемен қабылдап, сонымен қатар АҚШ долларымен, евро немесе ресейлік рубльмен жіберуге мүмкіндік береді. Юнистрим жүйесі бойынша ақшаны әлемнің 100-ден астам ТМД, Еуропа, Азия және т.б. мемлекеттерге жіберуге болады. Айтарлықтай бүкіл әлемде 300 000-нан астам ЮНИСТРИМ қызмет көрсету пункттері бар.

 

 

 

 




Яндекс.Метрика