Халықаралық интеграция

ҚР Судьялар одағы АҚШ-пен бірлесіп қылмыспен күрес бағдарламасын жүзеге асыруда

ҚР Судьялар одағы мен АВА ROLI америкалық заңгерлер қауымдастығының өкілділігімен ынтымақтастық аясында ҚР-да «Орталық Азиядағы заңсыз есірткі айналымына байланысты кылмыстық істер мониторингі» аймақтық бағдарламасын жүзеге асыруды жалғастыруда, деп хабарлады ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметі.
Әлемде29 Шілде , 17:58

Аталып өткендей, жұмыс сапары аясында Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан елдерінен келген делегация Бангкок (Тайланд) қаласына барып Тайландтың заңсыз есіркі айналымын әшкерелеумен айналысатын құқыққорғау құрылымдарының жұмыс тәжірибесімен танысты. 

Сапар барысында делегаттар Тайланд корольдігінің заңсыз есірткі айналымымен күресетін ұлттық құқық қорғау құрылымдарының басшыларымен кездесіп, тәжірибе алмасты. 
Кездесу соңында бірлескен ұсыныстар жасақталып, жаһандық заңсыз есірткі айналымымен күресу жолындағы зерттеулер мен сараптамалық жұмыстардың нәтижесі талқыланды. 




Яндекс.Метрика