G-global

Астанада «жасыл» экономика үшін коалициясы мен ҚазАльянс арасында стратегиялық ынтымақтастық туралы меморандум түзілді

Астанада «G-Global «жасыл» экономика және даму» коалициясы атынан коалиция төрағасы Салтанат Рахымбекова мен ҚазАльянс атынан Рашид Аюповтың арасында арасында стратегиялық серіктестік бойынша меморандум түзілді.
Астана қаласы 29 Шілде, 11:38

«Біз жаңа экономикалық кеңістікте өмір сүрудеміз, ол ДСҰ. Бұл экономикадағы инновацияға, бәсекелестікке, қазақстандық өнімге, тауар сапасына, халықаралық стандартқа сай болуға ден қойған бағыт. Бүгін ҚазАльянс қазақстандықтарды шетелде қосып отыр, ол 27 елде жұмыс істейді, олар 38 мың адамды бір шаңырақ астында түйістірді. 3 ай ішінде ҚазАльянс Қазақстан болашағына бей-жай қарамайтын адамдарды жинады», - деді С.Рахымбекова.

Серіктестіктің мақсаты  астаналық «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы, ЭКСПО-2017, Global,энергия-экологиялық жаһандық стратегия бастамаларын қолдау болып табылады.

Коалиция мен ҚазАльянс серіктестігі тұжырымдама бойынша «Жасыл экономикаға» көшу және «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасына көшу бойынша  бірлескен жол картасын әзірлеу болып табылады.

Ботагөз Айтжанова

 

 

 

 

 





Яндекс.Метрика