Өңірлер

Ақтөбе облысында патриоттар форумы өтті

Қазақстан халқы Ассамблеясының ғимаратында «Мәңгілік Ел – Болашағы Біртұтас Ұлт» облыстық патриоттар форумы ұйымдастырылды, деп хабарлады облыстың ішкі саясат басқармасы.
Ақтөбе29 Шілде , 12:39

Форумның басты мақсаты – «Мәңгілік ел» Патриоттық актісі жобасын жан-жақты талқылау және ұсыныстар дайындау,  жалпыхалықтық «Мәңгілік Ел» идеясын, «Мемлекет құрылысының әрі қарай дамуының 100 нақты қадамы» Ұлттық Жоспарын дәріптеу болып табылады.

Шараға этномәдени бірлестіктер, аудандар, үкіметтік емес ұйымдар, жастар қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері және   мемлекеттік мекемелер мен бюджет саласының  қызметкерлері қатысты.

Облыс әкімінің орынбасары С.Нұрқатова форумға қатысушыларға өз сөзін арнады.

Облыстық форумның  күн тәртібінде облыстық мәслихат депутаты Жеңіскүл Мұхамбетпаизова, «Ер Бақыт» әскери-патриоттық клубы қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ауған соғысының ардагері Марат Қойлыбаев, «Жас күш» жастар қоғамдық бірлестігінің белсенді мүшесі Данияр Ізбасаров және Ақтөбе облыстық «Оксана» украин ұлттық-мәдени орталығының өкілі Вероника Кабачек сөз сөйледі.

Форум қорытындысы бойынша Астана қаласында өтетін республикалық патриоттар форумына Ақтөбе облысынан қатысатын делагаттар  құрамы анықталды.

           




Яндекс.Метрика