Халықаралық интеграция

Мемлекеттік басқару академиясы мен Румын дипоматиялық институты серіктестікті дамытуда

Екі жақты ынтымақтастықтың болашағы Қазақстанның Румыниядағы елшісі Дәулет Батрашевтың Румын дипломатиялық институтының бас директоры Дан Петремен кездесуінде талқыланды, деп хабарлады ҚР СІМ.
Әлемде29 Шілде , 15:19

Д. Батрашев кездесу барысында еліміздің Елбасы жариялаған бес институционалды реформасын  жүзеге асыру бойынша басты міндеттерімен, «Қазақстан 2050» стратегиясы және «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатымен таныстырды. Сонымен қатар, ол Қазақстанның Румыниямен өзара тиімді серіктестікті одан ары дамытуға мүдделі екенін жеткізді.

Еліміздің халықаралық бастамаларына қолдау көрсеткені үшін алғысын жеткізген елші Румынияның Астанада өтетін  ЭКСПО-2017 арнайы мамандандырылған көрмеге атсалысуын қоштады.

Өз кезегінде Румын дипломатиялық иснтитутының басшысы Румыния Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы еуропалық мемлекеттірдің бірі екенін атап өтті.

«Ресми делегациялардың жиі-жиі келуі екі мемлекеттің достық қарым-қатынасының айнасы»,  деді Д. Петре.

Кездесу қорытындысы бойынша ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы мен Румын дипломатиялық институты арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды. Меморандым аясындағы серіктестік бірлескен тренингтерді, конференциялар мен семинарлар өткізуді, зерттеу жобаларын жүргізуді және т.б. көздейді.

Естеріңізге сала кетейік, Румын дипломатиялық институты  2005 жылдың қыркүйек айында негізі қаланып, сол кезден бері Румынияның СІМ бастамасымен жұмыс ісеп келеді.

 

 

 




Яндекс.Метрика