Халықаралық интеграция

Қазақстандық ұшу экипаждары Ресей және Беларусь ұшқыштарымен сайысуда (Фото)

«Авиадартс-2015» халықаралық байқауы қазақстандық қатысушы ұшқыштардың алғашқы таныстыру және жаттықтыру ұшулары өтті, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Әлемде 29 Шілде, 12:08

Рязань қаласының маңындағы «Дягилево» әуеайлағында қазақстандық және ресейлік ӘӘК ұшу экипаждары Су-27, МиГ-29  жойғыштары мен  Ми-8 тікұшақтарында сайысты. Содан кейін біздің Су-25 шабуылдаушылары Ресей және Беларусь ұшқыштарымен бәсекеге түсті.

«Осы уақытта қазақстандық ұшқыштар ұшу ауданын, полигон мен оның нысаналық жағдайын зерделеді. Экипаждармен ұшулар қауіпсіздігі бойынша сабақтар өткізілді. Бүгінгі жаттықтыру жарыстары ұшқыштарымызға қуат бітірді. Барлығында жауынгерлік талпыныс», - деді ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері қауіпсіздік қызметінің бастығы полковник Қайрат Баймаханов. «Авиадартс-2015» сайысының басталуы аясында 2 тамызда «Авиамикс» жеке авиа-шоуы жоспарланған.

Бағдарламада «Ресей сұңқарлары», «Ресей батырлары» және  «Сұр қарлығаш» жоғары пилотажды авиациялық топтардың өнері паш етіледі. Жоғары пилотаждан басқа ұшу аппараттарының жауынгерлік мүмкіндіктері де көрсетілетін болады. Аталған авиа-шоуға Су-25 шабуылдағыштарында қазақстандық ұшқыштарымыз да қатысады.  

«Авиадартс-2015» халықаралық байқауы Халықаралық армия ойындары-2015 (ARMY-2015) шеңберінде бірінші рет өткізіліп отырғанын естеріңізге сала кетейік.  Дода Сызрань және Липецк қалаларының әуеайлақтарында өткізіледі. Сайыс кестесі мазмұнды және екі апта уақытқа белгіленген. Тәуелсіз бақылаушылар ретінде байқау барысын Мысыр, Бахрейн, Венесуэла, Үндістан, Пәкістан, Мьянма және Словения өкілдері қадағалайтын болады.

 

 

 





Яндекс.Метрика